1130

Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды

Сот отырысы кезінде 4 баллдық жер сілкінісі болып, сот уақытша үзіліс алды.

Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғанда 4 баллдық жер сілкінісі болды.

Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялык зерттеу институты" мәліметінше, жер сілкінісі сағат 16:01-де болған. 

“Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан. Нақты мәліметтер анықталып жатыр. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ”, – делінген хабарламада. 

Жер сілкінген сәтте сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров сараптама қорытындысын айтып, оған жәбірленуші тараптың адвокаттары сұрақ қойып жатқан. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор