«6 млн теңге сұрап отыр»: Белгілі продюсер Айсәуле Әбілда түсірілім кезінде полицейлердің әрекетіне шағымданды

Аиса Махамбет Редактор
22.10.2025, 09:56
1436
«6 млн теңге сұрап отыр»: Белгілі продюсер Айсәуле Әбілда түсірілім кезінде полицейлердің әрекетіне шағымданды instagram.com/muraifilms / instagram.com/oisaule

Продюсер тіпті өзін сотқа қатыстырмағанын айтып, әділетсіздікке ашынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер Айсәуле Әбілда түсірілім тобына әділетсіз айып таққан полиция қызметкерлеріне шағымданды. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жеткізді.

Режиссер Мұрат Есжан мен оның жұбайы әрі продюсер Айсәуле Әбілда елге «Абай жолы», «Ахмет. Ұлт ұстазы» және «Міржақып. Оян, қазақ» сынды тарихи телехикаялар арқылы танылған. Қазір ерлі-зайыптылар «Қара алтын» көркем фильмін түсіріп жатыр. Алайда түсірілім кезінде олар күтпеген жағдайға тап болған.

Айсәуле Әбілданың айтуынша, 5 қазан күні Алматыда өткен түсірілім барысында полиция қызметкерлері түсірілімді тоқтатып, фильм реквизиті ретінде пайдаланылған ескі мемлекеттік нөмірлері бар көліктерге хаттама толтырған.

«Біз 2004 жылды бейнелейтін сахна түсіріп жатқан едік. Сол кезеңге сай көліктерге сол жылдардағы нөмірді тақтық. Полиция қызметкерлері көліктерді тоқтатып, рұқсат қағаздарымызды тексерді. Бізде Алматы қалалық мәдениет басқармасынан және Полиция департаментінен алынған рұқсат хаттар бар еді. Соған қарамастан, олар жүргізушілерді бір тәулікке қамап, бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырды», – деп жазды продюсер әлеуметтік желіде.


түсірілімдегі көліктер

Айсәуле Әбілданың сөзінше, полицейлер әкімшілік кодекстің 590-бабының 4-тармағын («жалған мемлекеттік нөмір тағу») негізге алған. Бірақ түсірілім тобының ешқандай қылмыс жасау ниеті болмаған, нөмірлер тек реквизит ретінде пайдаланылған.

«Біздің мақсатымыз – кино түсіру. Біз 60 адаммен күн-түн демей жұмыс істеп жүрміз. Мұның бәрі туралы мемлекеттік органдарға алдын ала хабарлағанбыз. Бірақ полицейлер ештеңені ескерместен, хаттама толтырып, жүргізушілерді қамап тастады. Ал сот болса, менің қатысу туралы өтінішімді қарамастан, онлайн өткізіп жіберді», – деді ол.

Продюсердің айтуынша, бұл жағдайдан кейін үш жүргізуші жұмыссыз қалып, олар өз шығындары үшін түсірілім тобынан 6 миллион теңге өтемақы талап етіп отыр.

«Біздің полицияның басты мақсаты – қорғау емес, қорқыту сияқты. Қаншама адамнан көлігі ұрланып, ақша жоғалып жатқанда, олар кино түсіріп жүргендерді ұстап мәз. Бізге әділетті шешім мен кәсіби көзқарас жетіспейді», – деп қорытындылады продюсер.

Оқиғаға байланысты Алматы қалалық Полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)