SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде тараған даулы видеоға байланысты Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігі мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, шенеунік жұмыстан босату туралы өтініш жазып, қызметін тоқтатқан.
Әкімдік түсіндіргендей, бейнежазбада әкім орынбасарының жүргізушісі көрсетілген. Шенеуніктің өз әрекетінде заңбұзушылық болмағанымен, ол қоғамдағы жағдайды ескере отырып, өз еркімен отставкаға кету туралы шешім қабылдаған.
«Жүргізуші полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады әкімдік өкілдері.
Қызметтен кеткен аудан әкімінің орынбасарының аты-жөні жария етілмеді.
RUS