Қай елдер президенттерін соттады

06.04.2023, 14:13
390
Қай елдер президенттерін соттады smartnews.kz

Дональд Трамп қылмыстық айып тағылып отырған АҚШ-тағы алғашқы президент болып отыр. Трамп АҚШ-та істі болып жатқан бірінші президент десек те, басы дәл осындай дауға шатылған өзге де ел басшылары баршылық, деп хабарлайды smartnews.kz сайты сотталған ел басшылары туралы шолу жасаған Euronews-тің мәліметіне сүйене отырып.

Бұрынғы мемлекет басшысы әрі 2024 жылы өтетін президент сайлауына Республикалық партияның атынан үміткер болғалы отырған ол іскерлік құжаттарды қолдан жасады деген айыптың 34 тармағы бойынша кінәсін мойындаған жоқ.

Аталған айыптаулар Трамптың 2016 жылғы президенттік науқаны кезінде порноактриса Сторми Дэниэлске ауызбастырық ретінде төлеген ақшаға қатысты болып отыр.

Axios деректеріне сүйенсек, 2000 жылдан бері кемінде 78 елде, оның ішінде Еуропада тақтан түскен мемлекет басшылары түрмеге тоғытылып немесе жауапқа тартылыпты.

Хорватияда бұрынғы үкімет басшысы Иво Санадер жемқорлық әрекеті үшін айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгінде ол жазасын өтеп жатыр.

Францияда бұрынғы екі президентіне айып тағылды.

Алдымен Жак Ширак сотталды. Ол 2011 жылы жемқорлық үшін істі болып, 2 жылға шартты жаза арқалады. Ол сондай-ақ Париж мэрі болып тұрған кезінде қызмет бабын жеке мүддесіне пайдаланғаны, сенімді асыра пайдаланғаны және қаражатты оңды-солды шашқаны үшін кінәлі деп танылды.

Екіншісі ­- Николя Саркози. Оның 2021 жылы жемқорлармен ауызжаласып және бәз біреулерді ақшаға қолпаштағаны әшкере болды. Осылайша 3 жыл бас бостандығынан айырылды. Бүгінде ол осы жазаның шартты 2 жылына қатысты істі қайта қарауға шағым түсірген жайы бар.

Германияда Кристиан Вульф та жоғарыдағылардың кебін киді. Бұрынғы президент қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызмет түрін пайдаланғаны үшін сот алдынан бір-ақ шықты. Дегенмен ол 2014 жылы абыройын ақтап шықты.

Пара алды деп айыпталған Италияның бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлусконидің 2021, 2022 және 2023 жылдары өткен үш сот процесінде қылмысы ақыры дәлелденген жоқ.

Берлускони саясатқа келген 1994 жылдан бері үстінен 30-дан астам қылмыстық іс қозғалыпты.

Португалияда бұрынғы үкімет басшысы Жозе Сократешке жемқорлықпен айналысты деген айыптар тағылып, алайда судья олардың барлығын жоққа шығарып, тек ақша жылыстатуға қатысты кінәлі деп тапты.

Соңғы жиырма жылда мемлекет басшылары жиі-жиі істі болған жалғыз ғана аймақ бар ­- ол Латын Америкасы. Мысалы, Перуде 1985 жылдан бері тақта отырған президенттердің біреуінен өзгесі дерлік абақтыға қамалып немесе айып тағылған.

Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады