Ауыл шаруашылығында шикізат экспорты артуы мүмкін - депутат

11.05.2023, 16:46
543
Ауыл шаруашылығында шикізат экспорты артуы мүмкін - депутат smartnews.kz

Шикізат пен жартылай фабрикаттар елімізден арзан бағаға экспортқа кетуде, ал оның орнына қосылған құны бар қымбат тауарлар келіп жатыр. Бұл тұрғыда сенатор Әлібек Нәутиев өзінің депутаттық сауалында өңдеуші сектордың дамуын тежейтін проблемалар туралы айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Депутаттың айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер еліміздің ішінде өңдеу саласын дамытуға мүдделі емес және бірыңғай шикізат экспортына бет бұрған. Салалық министрліктің ақпаратына қарағанда, 2021 жылы АӨК өнімі экспортындағы жалпы көлемнің тек 37%-ы ғана өңделген тауарлардың үлесіне тиіп отыр.

«Астық өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі небәрі 33% қуатымен жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, Қазақстанның астық өңдеушілер одағының мәліметтері бойынша, бүгінде еліміздегі әрбір төртінші диірмен ғана жұмыс істеп тұр. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорты ұлғайып жатқан кезде осындай қиын жағдай қалыптасып отыр. Оның көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 14%-ға өскен. Нақты талдаудың, тиісті қолдау шаралары мен қауіптерді бағалаудың жоқтығынан, Қазақстан көрші елдердегі өңдеу саласын дамытуға ықпал етіп отыр», - деді Әлібек Нәутиев Сенаттың жалпы отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Сенатор Ауыл шаруашылығы министрлігі 5 жыл бойы еліміздегі Астық өңдеуді қолдау және дамыту жөніндегі жол картасын келісе алмай келе жатқанын атап өтті. Нарық импорттық азық-түлікке толып кетті. 2021 жылмен салыстырғанда, ашытылған сүт өнімдері, сүт, ет консервілері, ірімшік және сүзбе, сары май өндірісі 4% бен 9% аралығында төмендеді.

«Бірінші кезекте АӨК көлемдерін ұлғайту мен өңдеуге басты назар аударылуы тиіс. Біздің ойымызша, оған топырақтың құнарлығы мен жем-шөп базасы бар аймақтардың салаға бейімделуін ескере отырып, қол жеткізуге болады. Субсидиялау тетіктерін қайта қарау да маңызды. Талдау көрсеткендей, ауыл шаруашылығының одан әрі дамуы шаруашылықтардың ұйымдасуына байланысты, ал жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдаудың нақты әсері жоқ. Тауарлардың импорты ұлғая түскен кезде, нарықты қорғау қадамдарына маңыз беру керек. Сонымен қатар, отандық өнімді экспорттау кезінде басқа елдердің көптеген кедергілері мен тосқауылдарына жауап ретінде дәл сондай амал жасау керек», - деді Әлібек Нәутиев.

«45 тәулікке қамалады»: Әйелі мен балаларын ұрып-соққан ақтөбелік жеңіл жазамен құтылды Екібастұзда 9-сынып оқушысы жоғалып кетті Тағы бір мерзімді әскери қызметші Ақтөбеде қайтыс болды Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі қайтыс болды Әкем сырт көзге суық көрінгенімен жүрегі өте жұмсақ болды – Мұстафа Өзтүріктің үлкен қызы Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды Қазақстанда бір күнде үш рет жер сілкінісі тіркелді Бүгін еліміздің 4 өңірінде ауа сапасы нашарлайды «Дауылды ескерту!»: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО) «Шақыртуды үйімнің төріне қоямын»: Заттыбек Көпболсынұлы «Ақмаржан» хитінің авторына құрмет көрсетті (ВИДЕО) «Қой сойып, шығарып салдым»: актер Шәріп Серік тағдыры ауыр кейіпкерді сомдаған соң психологиялық ауытқу сезіне бастаған (ВИДЕО) «Қажылыққа апаруды армандап едім»: танымал блогер Дамеля ата-анасымен кіші қажылыққа барды (ФОТО) «Енелер келінін суреті арқылы дуалайды»: алматылық емші сұмдық тапсырыстары туралы айтты «Жартылай жалаңаш»: Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы сынға қалды (ВИДЕО) «Бір жыл, екі ай төледім»: танымал блогер үйлену тойын несиеге жасаймын деп күйзеліске түсті (ВИДЕО) Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубына қосылды ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді