Қазақстанның машина жасау саласында 36 ірі жоба іске қосылады

11.05.2023, 20:51
823
Қазақстанның машина жасау саласында 36 ірі жоба іске қосылады smartnews.kz

Отандық машина жасау саласында 3,8 мың кәсіпорын жұмыс істейді, 116 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазақстандық машина жасау ісі өз дамуын жалғастыруда. Бұл салада 3,8 мың кәсіпорын жұмыс істейді, 116 мың адам жұмыспен қамтылған. 2022 жылы өнім шығару көлемі 3,1 трлн теңгеге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 31,5% өсім көрсетті. Бұған 2022 жылы құны 230 млрд теңгеден асатын 25 инвестициялық жобаның іске қосылуы ықпал етті. Олардың маңыздылары - «Everest Techno» ЖШС сорғы штангалары мен муфталарын өндіру зауыты, «ПетролВалвз Қазақстан» ЖШС бекіту арматурасын өндіру зауыты, «ПСМ Қазақстан» ЖШС бұрандалы сорғылар мен жетектерді өндіру зауыты (1-кезең), «Ханиуэль-АСУ» ЖШС басқару шкафтары мен газ детекторларын өндіруді оқшаулау және басқалары бар», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Спикердің айтуынша, биылғы үш айдың қорытындысы бойынша бұл сала өнеркәсіпте көшбасшы болып отыр – өндіріс 36%-ға өсті, көлемі 829 млрд теңгені құрады.

«Бұдан басқа, 2023 жылы бұл салада құны шамамен 230 млрд теңге болатын 36 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Ең ірі жобалар: «KamLitKZ» ЖШС жүк автомобильдеріне арналған компоненттерді шойын құю зауыты, «Manufacturing-United Energy Qazaqstan» ЖШС Жел энергетикалық қондырғыларына арналған мұнаралар өндіру зауыты, «Silk Road Electronics» ЖШС Тұрмыстық техника шығару зауыты, «Bolashak Electric» ЖШС жабық жоғары вольтты вакуумдық автоматты ажыратқыштар өндірісі, «Қазақстандық мұнай жабдығы зауыты» ЖШС мобильді бұрғылау қондырғыларын өндіру және басқалар», - деп толықтырды ол.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды