Кейінгі 3 жылда экспортқа енгізілген тыйымдардан кәсіпкерлер 1 трлн теңге жоғалтты - Айдарбек Қожаназаров

25.05.2023, 11:08
610
Кейінгі 3 жылда экспортқа енгізілген тыйымдардан кәсіпкерлер 1 трлн теңге жоғалтты - Айдарбек Қожаназаров Видеодан алынған кадр

«Jibek Joly» телеарнасының Мәжілістегі студиясында қонақта болған депутат Айдарбек Қожаназаров ел шаруаларының өнімдеріне енгізіліп жатқан экспорттық шектеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Біздің Үкіметте бір ұстаным бар – ішкі экспортқа тыйым салсақ, онда ішкі нарықтағы баға түседі деген. Егер біз экспортты шектейтін болсақ, онда кәсіпкерлер үлкен шығынға ұшырайды, тиісінше өндіріс көлемін төмендетеді. Ал бұл өз кезегінде тауар тапшылығына алып келеді. Артынан жетіспеген тауардың бағасы өседі. Соңғы 3 жылда енгізген тыйымдардың кесірінен бизнес саласы 1 трлн теңге жоғалтты. Оның ішінде 30%-ы салық. Егер кәсіпкердерді шектесеңіз, ол өз шығынын өтеуі керек. Оны қалай өндіріп алады? Оның бір ғана тәсілі бір. Тауарды қымбат сату», - деп мәлім етті депутат.

Бұл ретте Айдарбек Қожаназаров былтыр сәуірде 1 млн тонна бидайды экспорттауға енгізген квотаны мысалға келтірді.

«1 млн тонна бидайды экспорттауға квота бөліп, қалғанына шектеу енгізу туралы шешім қабылданды. Сол ажиотаж 165 теңге тұратын бидайдың құнын 185 мыңға дейін көтерді. Сондықтан бұл жерде барлығын жауып тастап, кейін дұрыс болады деген жүрмейді. Оны талдап, тиянақты зерттеу керек», - деді Айдарбек Қожаназаров «Jibek Joly» телеарнасына сұхбат бере отырып.

Аталған мәселелерді шешу үшін депутат шектеу енгізу мен квота бөлу тәртібін бір жүйеге келтіріп, реттеуді ұсынды.

«Қол қойып, шектеу енгізе салу шаруаларға зиян келтіріп жатыр. Мәселен, Жамбылдан екі көлік пияз шықты делік. Ол Ресейдің шекарасына барғанша, шектеу енгізіліп қойды. Осының салдарынан пияз шіріп, жарамсыз болып қалады», - деп тоқталды мәжілісмен.

Оның айтуынша кейінгі үш жылда қазақстандық шаруалардың тауарын экспорттауға 8 тыйым, 5 квота енгізілген.

«Неғұрлым экспорт ұлғайса, соғұрлым елдің экономикалық өсімі артады, ұлттық валюта тұрақталады. Сондықтан экспортты қолдау керек. Кейде біздің Үкіметтің қабылдап жатқан шешімдері жүйесіз. Ол тек қазір болып жатқан құбылыстарға реакция ғана сияқты. Ешқандай 3-4 жылдық болжамсыз», - деп түйіндеді сөзін Айдарбек Қожаназаров.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)