Бүгін Мағжан Жұмабаевтың туғанына - 130 жыл

25.06.2023, 09:59
863
Бүгін Мағжан Жұмабаевтың туғанына - 130 жыл wikipedia.org

Бүгін ақиық ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келгеніне 130 жыл толды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Биыл ақынның мерейтойына арналған жиын ақынның туған жері Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданының Сарытомар ауылында өтті. Оған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов арнайы барып, Президенттің құттықтау хатын оқып берді. Мереке аясында облыста халықаралық ақындар айтысының финалы, ат спорты мен қазақша күрестен жарыс өтті.

Оған қоса, Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жыл – Мағжан жылы деп жарияланды.

Сондай-ақ, Петропавлда «Мағжан. Жаралы жолбарыс» тарихи телехикаясы түсірілді. Көркем фильм 4 бөлімнен тұрады, әрқайсысы 50 минуттан тұрмақ. Басты рөлді актер Мейірхат Амангелдин сомдаған.

Мағжан Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев (қазіргі Мағжан Жұмабаев) ауданында туған. Әуелі ауыл молдасынан сабақ алады. 1910-1913 жылдары Уфа қаласында «Ғалия» медресесінде оқиды. Осында жүріп Абайдың өлеңдер жинағымен танысып, татар ақын-жазушыларымен достасады. Араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуін жалғастырады. Орыс тілінен сабақ алады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны үздік бітіреді. 1923-1926 жылдары Мәскеуде көркем әдебиет институтында оқиды. 1927-1929 жылдары Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызметтер атқарған.

1912 жылы Қазан шаһарында «Шолпан» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. «Батыр Баян», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Өтірік ертегі», «Шын ертегі» поэмаларында адам жанының, психологиялық әлемнің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын асқан шеберлікпен кестелеп өрнектей білген. Кеңес жылдары екі өлеңдер жинағын жариялады. Алғашқысы 1922 жылы Қазанда, екіншісі Ташкентте басылып шыққан.

Әдеби шығармаларымен бірге Мағжанның қаламынан туған ғылыми еңбектер, оқу құралдары да кезінде халқының қызметіне жарап, елеулі мәнге ие болды. Жастарды оқу, білімге шақырған қаламгер педагогика саласында бірқатар еңбек жазды. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» еңбектерін жариялаған.

1929 жылы Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесілген. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға оралып, Петропавл қаласындағы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген. 1937 жылы наурызда Мағжан Жұмабаев Алматыға келіп, аударма ісімен айналысқан. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

Мағжан – үздіксіз ізденген ақын. Ол қай тақырыпқа қалам тартса да, өз алдына жалғыз мақсатты - ұлтын оятуды басты міндет етіп қояды. Бұл - Мағжанның өзіндік манифесі болатын. Тіпті абақтыда, өз тағдыры қыл үстінде тұрған кезде жазған өлеңдерінде де осы манифеске сәжде қояды. Шынтуайтында да оның бір топ өлеңдері абақты қабырғасында жазылған. Ол қамау мен түрме азаптары жөнінде жазғанда да, абақты - қазақ халқының зұлмат пен езгіде өмір сүрген кезеңінің рәмізі екенін өлең жолдарына дарытады.

Мағжан өз шығармашылығынан басынан-ақ ұлтының біртұтастығы, тағдыры, оның болашағы үшін әрқашан алаңдап, жан күйдірген ақын болатын. Ұлттың біртұтастығы, ең алдымен, оның ана тіліне байланысты. Сондықтан Мағжан да қазақ ұлтының біртұтастығы мен алдағы болашағын ана тілінің дамуынан көреді.

 

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды