Адамдар өліміне әкелген «Титан» батискафы сынды аппараттарды сертификаттау ұсынылды

28.06.2023, 18:23
1794
Адамдар өліміне әкелген «Титан» батискафы сынды аппараттарды сертификаттау ұсынылды inform.kz

«Титан» батискафының жарылысынан кейін сарапшылар осындай санаттағы сүңгуір аппараттарын заңнамалық түрде реттеу керектігін айта бастады, деп хабардайды smartnews.kz сайты ХАА Euronews-ке сілтеме жасап.

Атлант мұхитында «Титан» батискафының жарылуы осы тектес аппараттарды пайдалануға қатысты заңнаманы қайта қарауға себеп болмақ. Бұл тұрғыда мамандар осы көлік түрі ешқандай ережеде ескерілмегенін алға тартып отыр.

«Мұхиттағы кемелердің сапарлары тиісті заңнама талаптары бойынша реттелген. Олар портқа кіріп, тиісті ережеге сәйкес порттан шығады. Осы орайда олар белгілі бір елде тіркеліп, нақты санат бойынша жіктелуі керек. Бірақ үлкен кемеден терең суға түсіріліп, тереңдікте жүретін сүңгуір аппараттарын пайдалану тәртібі реттелмеген», - деді Кэмпбелл университетінің профессоры Сальваторе Меркольяно.

OceanGate компаниясына тиесілі «Титан» шағын суасты аппараты АҚШ-тың қадағалау органдарында мүлде тіркелмеген.

«АҚШ-та 1993 жылы қол қойылған Жолаушылар кемелерінің қауіпсіздігі туралы заң бар, сол бойынша тиісті ереже бар. Ең маңызды ереже – сүңгуір аппарат коммерциялық пайдалану алдында қауіпсіздікке қатысты сертификаттан өтуі керек», - деді Вашингтон университетіндегі заң мектебінің профессоры Томас Шенебаум.

Аталған қайғылы оқиғадан кейін бірқатар сарапшы осындай аппараттарды сертификациядан өткізуді міндетті талап ретінде енгізуді ұсынып отыр.

«Менің ойымша, егер сертификаттау компаниялары мен ережелері болса, бұл сүңгуір аппараты егжей-тегжейлі тексеруден өтер еді», - дейді Сальваторе Меркольяно.

«Тәуелсіз сертификаттау компаниясы кез келген жолаушы тасымалдауды бастамас бұрын кемені алдын ала тексеруі керек. Олар қауіпсіздікке байланысты зерттеу жасап, соның ішінде металл сапасын қарауы тиіс», - деп толықтырды Томас Шенебаум.

19 маусым күні «Титаник» кемесі суға батқан аймаққа сапар жасайтын «Титан» сүңгуір аппараты Атлант мұхитында жоғалып кеткен болатын. 22 маусымда АҚШ-тың Жағалау қызметі жоғалған «Титан» батискафын іздеу аумағында қирандылар табылғанын мәлім етті. Кейін сүңгуір аппараты тиесілі OceanGate компаниясы мәлімдеме жасап, батискафта болған экипаж қаза болғанын хабарлады.

Батискаф бортында 5 адам болды: 58 жастағы британдық бизнесмен әрі зерттеуші Хэмиш Хардинг, 48 жастағы бизнесмен, пәкістандық Шахзада Давуд пен оның 19 жастағы ұлы Сулеман, OceanGate компаниясының 61 жастағы директоры Стоктон Раш және 77 жастағы француздық зерттеуші Поль-Анри Наржоле.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді