787

Астанада су қымбаттап, жылу арзандады

Астанада коммуналдық қызмет тарифтерінің өзгеруі бойынша ашық қоғамдық тыңдау өтті. Бұл жиын ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Табиғи монополияларды реттеу комитетінің» Астана қаласы бойынша департаменті бастамасымен ұйымдастырылды. Онда 2025 жылға арналған тариф жобалары мен салалық сметалар қаралды.

Астанада су қымбаттап, жылу арзандады
pixabay

Жиында «Астана Су Арнасы» кәсіпорнының жаңа тарифтері ресми түрде бекітілді. Енді астаналықтар суға 158,93 теңге/м³ (18% өсім) төлейтін болады. Бұл өзгерістерді ресми өкіл стратегиялық қызметтердің маңыздылығымен, қызметкерлердің жалақысын арттырумен байланыстырды.

Сонымен қатар, «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы аясында қосымша инвестициялар салу да баға өсуіне әсер еткен.

Қалада жылумен қамту қызметінің тарифі 10%-ға төмендеп, орташа есеппен 4430 теңгені құады. Қазір «Астана-АЭК»-тің өтінімі қаралуда. Ал жазда «Астана-Теплотранзит» АҚ жылумен жабдықтау қызметін өз қолына алады — бұл да жаңа тарифтік өтінімге жол ашуы мүмкін.


Жансая Нұрымханова