Қостанай облысында полиция подполковнигі жол апатынан көз жұмды

Азиз Қалижан Редактор
07.05.2025, 13:58
774
Қостанай облысында полиция подполковнигі жол апатынан көз жұмды instagram.com/sadenov_online

Полиция подполковнигі жазатайым оқиғадан қаза болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысында қызметтік міндетін атқарып жүрген учаскелік инспектор, полиция подполковнигі Батырсаим Зайтинов жол-көлік оқиғасына ұшырап, оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай туралы ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

Министр Instagram парақшасында жазба жариялап, марқұмның отбасына, жақындары мен әріптестеріне қайғыра көңіл айтты. Оның жазбасында Батырсаим Зайтиновтың қызметіне адал, тәжірибелі әрі жауапкершілігі жоғары маман болғаны атап өтілген.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ЖКО-да қаза тапқан Қостанай облысы Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Батырсаим Зайтиновтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады. Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді", - делінген министр жазбасында.

Оқиға орны мен мән-жайы туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Алайда жол апатына не себеп болғаны анықталу үшін тиісті тергеу жұмыстары басталды.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады