«Базардан алып, балаларыма да бермей жедім»: Әйел балық жеймін деп аяқ-қолынан айырылған

Аиса Махамбет Редактор
06.05.2025, 20:10
4083
«Базардан алып, балаларыма да бермей жедім»: Әйел балық жеймін деп аяқ-қолынан айырылған бейнежазбадан

Балық жеп, аяқ-қолынан айырылған келіншектің оқиғасы көпшіліктің жүрегін ауыртты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бота Бурханованың оқиғасы — абайсызда жасалған бір әрекеттің адам өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін екенін тағы бір еске салды.

Жақында Бота Бурханова журналист Жанар Байсемізге қонаққа келіп, елді елең еткізген оқиғасын өз аузымен баяндап берді. Оның айтуынша, бәрі базар маңынан кептірілген балық сатып алудан басталған.

— Балықты базардың алдынан көріп, қатты қызығып кеттім. Үйге әкеліп, балаларыма да бермей, өзім жеп қойдым. Дәмі жақсы болған соң ештеңеден күдіктенбедім, — дейді Бота.

Алайда келесі күні оның денсаулығы күрт нашарлаған.

— Ертеңінде дене қызуым көтеріліп, құса бастадым. Бастапқыда аса мән берген жоқпын. Бірақ жағдайым күннен-күнге қиындай берді. Бір кезде аяқ-қолдарым жұмыс істемей қалды. Ақыры реанимацияға түстім. Ол жақта есім кіресілі-шығасылы болып, сандырақтай бердім. Дәрігерлер «өмірі қиын, шыдамайды» деп, туыстарыма үміттің аз екенін ескерткен екен, — деп еске алады ол.

Ботаның айтуынша, аяқ-қолының көгеріп, қап-қара болып кеткені соншалық, дәрігерлер тамыр таппай, мойны арқылы плазма мен наркоз беруге мәжбүр болған. Бұл кезде ми қызметі де әлсірей бастаған.

— Сол кезде мені тек анамның дұғасы аман алып қалды, — дейді Бота.

Анасы ол кезде Египетте жүрген екен. Қызын ес-түссіз күйде жатқанын естіген соң, шұғыл елге оралыпты.

— Анам ауруханаға келгенде дәрігерлер оған да үміт жоқ деп айтыпты. Бірақ анам мұнымен келіспей, дәрігерлермен ұрысқан. Жанынан зәмзәм суын алып келіп, сонымен мені жуындырып, үздіксіз дұға ете беріпті. Анам сол кезде мені қолынан шығармай, өмір үшін күресті, — дейді келіншек.

Ботаға отандық дәрігерлер көмектесе алмаған соң, туыстары оны шұғыл түрде Түркияға жеткізеді. Онда шетелдік дәрігерлер бірден шұғыл шешім қабылдап, оның өмірін сақтап қалу үшін ота жасаған.

— Түркияда алақанымды аман алып қалу үшін ішімнен тері кесіп алып, сол жерге тігіп берді. Ал аяқтарыма 11 сағат бойы ота жасалды. Өкінішке қарай, шіри бастағандықтан, оларды кесуге тура келді, — деп бөлісті Бота.

Қазір Бота Бурханова оңалту кезеңінде. Ол өмірінің түбегейлі өзгеріп кеткеніне қарамастан, шүкіршілік етуді ұмытпайды. Ең бастысы – тірі қалды. Ендігі арман-мақсаты — өздігінен жүріп-тұруға қайта қол жеткізу және өміріне мән беріп, басқаларға да сабақ боларлық ой айту.

Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды Руслан Берденов Respublica партиясындағы лауазымынан кетті Трамп Путиннің соғыстан шаршағанын айтты Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды