«Сот небәрі 15 минутта шешім шығарды»: Оқушыларға қалдық тамақ берілетінін әшкерелеген мұғалім сотталды

Азиз Қалижан Редактор
06.05.2025, 18:52
970
«Сот небәрі 15 минутта шешім шығарды»: Оқушыларға қалдық тамақ берілетінін әшкерелеген мұғалім сотталды бейнежазбадан

Алматыда мектептегі асхана жайлы дабыл қаққан мұғалім Сәуле Сейдахметова сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, асханада балаларға тамақ қалдығын береді деп мәлімдеген мұғалімге сот «іскерлік беделге нұқсан келтірді» деген үкім шығарды.

Алматыдағы №67 мектепте оқушыларға асханада тамақ қалдығы берілетінін жария еткен мұғалім Сәуле Сейдахметова сот шешімімен кінәлі деп танылды. Оған әлеуметтік желілерде мәселені көтергені үшін «жалған ақпарат тарату» және «іскерлік беделге нұқсан келтіру» айыптары тағылған.

2025 жылғы қаңтарда әлеуметтік желілерде №67 мектеп асханасындағы жағдайға қатысты видеолар тарап, онда оқушыларға бұрынғы тамақ қалдықтары қайта ұсынылғаны айтылды. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.

Мәселені зерттеген комиссия құқық бұзушылықтарды растады: асхананы жалға алған «Рай-Ка» ЖШС жеткізушілерімен келісімшарт бұзылып, мектеп директоры ескерту алған. Алайда жағдайды алғаш болып жариялаған мұғалімнің өзі кейін сотқа тартылды.

Тамақ жеткізуші «Рай-Ка» ЖШС Сейдахметованы сотқа беріп, оның әлеуметтік желідегі мәлімдемелері «жалған» әрі компанияның абыройына нұқсан келтірді деп көрсетті. 2025 жылдың 5 мамырында Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты бұл талапты толық қанағаттандырды.

Сот шешімі бойынша мұғалім:

– «Рай-Ка» ЖШС-нің ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа сай емес мәліметтер жарияланған барлық әлеуметтік желідегі видеоларды өшіруге;

– Сол ақпаратты теріске шығарып, көпшілік алдында кешірім сұрап, арнайы видео жариялауға;

– ЖШС-нің сот шығындары мен 550 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айта кетерлігі, сот отырысында талапкер тарап нақты қандай жалған мәлімет таратылғанын дәлелдей алмады. Сондай-ақ, сот процесінде «Рай-Ка» ЖШС директоры Райгүл Сыпатаева мен мектеп директоры Айнұр Жүнісбекова қатыспаған.

Журналистердің сот отырысына қатысуына рұқсат берілмеген. Сот үкімі небәрі 15 минут ішінде шығарылған.

 
Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады