Мектеп әкімшілігі жетім балаларды байдың қызынан тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлеген (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
06.05.2025, 17:31
3726
Мектеп әкімшілігі жетім балаларды байдың қызынан тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлеген (ВИДЕО) бейнежазбадан

Қазір бейнежазбаға қатысты тексеріс жүріп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның Самарқанд облысында балалардың тізерлеп кешірім сұраған видеосына қатысты тексеріс жүріп жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған видеода екі оқушы – ұл мен қыз – өз құрбысының алдында тізерлеп кешірім сұрап тұрғаны бейнеленген. Видео қоғамда үлкен резонанс тудырып, оқиғаға қатысты білім беру саласының және құқық қорғау органдарының тексеруі басталды.

Жазбада балалар басын иіп, аяқ жағында отырған қыздан кешірім сұрап тұрғаны көрінеді. Кадр сыртында ересек адамның дауысы естіледі: "Кешірдің бе?", әрі қарай: "Біз бәрібір оны мектептен шығарамыз" деген сөздер айтылады. Пайдаланушылардың айтуынша, видеодағы ұл мен қыз – балалар үйінің тәрбиеленушілері, ал үшінші қыз – ықпалды отбасының қызы. Аталған оқиға шамамен 2024 жылдың сәуірінде Самарқанд облысы Пахтачин ауданындағы №21 мектепте болған.

Бастапқыда бұл жағдай кеңінен танымал болмағанымен, видео желіде тарағаннан кейін қоғам назарын аудартып, жергілікті билік оқиғаның мән-жайын зерттеуге кірісті.

Самарқанд облысының білім басқармасы оқиғаның мән-жайын түсіндіріп өтті. Олардың мәліметінше, оқушы ұл өз сыныптас қызға тіл тигізіп, оның атына жағымсыз қауесет таратқан. Бұл жағдайды мектеп ішінде шешудің орнына мектеп директорының орынбасары, сынып жетекшісі және мектеп психологы баланы әпкесімен бірге жәбірленушінің үйіне ертіп апарып, тізерлетіп кешірім сұратқан. Осы сәт видеоға түсіріліп, кейіннен әлеуметтік желіде тарап кеткен.

Білім беру министрлігі бұл оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізілгенін хабарлады. Оның нәтижесінде оқиғаға қатысы бар үш педагогқа тәртіптік шара қолданылған. Сонымен қатар оқушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек, оқиғаға құқық қорғау органдары да араласып, өз алдына тергеу бастаған.

Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Балалардың не үшін кешірім сұрағаны, видеоның кім және не мақсатпен түсіргені нақты айтылмады. Тергеу аяқталғаннан кейін нақты қорытындылар жарияланады деп күтілуде.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды