Белгілі журналист Диас Ахметшәріп инсульт алып, комаға түсті

Аиса Махамбет Редактор
07.05.2025, 14:51
923
Белгілі журналист Диас Ахметшәріп инсульт алып, комаға түсті жеке мұрағаттан

ІІМ жиынында отырған журналистің миына қан құйылып, комаға түскен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Диас Ахметшәріп миына қан құйылып, комаға түсті. 

Оқиға Ақтауда өткен ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысы кезінде болған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр.

Диас Ахметшәріп 1997 жылы Қазақ радиосында тілші болып еңбек жолын бастаған. Ұзақ жылдар бойы "Хабар" және "Қазақстан" телеарналарында спорт журналисі болып қызмет етті.

Ол мемлекеттік "Қазспорт" телеарнасының алғашқы директоры болды, сондай-ақ "Insport" телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды.

2003 жылдан 2007 жылға дейін спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Кейінгі жылдары Диас Ахметшәріп түрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.

Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа адаммен жаңа өмір бастағалы жатыр Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді Прокурорлар балалар үйлеріне түнгі уақытта бақылау жүргізе бастады Прокуратура әлеуметтік желідегі ақпаратты күнделікті бақылайды – Жандос Өмірәлиев Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды «Мас күйде таксиге отырып, анама бардым»: Ұлықпан Жолдасов Садраддиннің әндерін сынға алды Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ