Ерлікпен қаза тапқан қос полиция қызметкері марапатталды

Азиз Қалижан Редактор
07.05.2025, 13:33
752
Ерлікпен қаза тапқан қос полиция қызметкері марапатталды Polisia.kz

Қызмет бабында мерт болған полицейлердің ерлігі ұлықталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы атап өтілді. Бұл туралы 2025 жылы 7 мамырда ҚР ІІМ баспасөз қызметі ақпарат таратты.

 

Қос мерекеге арналған думанды шараға ардагерлер, тыл еңбеккерлері, полиция қызметкерлері мен ұландықтар қатысты. Жиналған көпшілікті министр Ержан Саденов құттықтады.

"Қадірлі ардагерлер! Құрметті әріптестер! Сіздерді ерліктің символына айналған қос мереке - Отан қорғаушылар және Жеңіс күндерімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күндер - халқымыздың қаһармандығы мен бірлігінің, тарих алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі. Мемлекет басшысы "Тәуелсіз елдің қорғаны мықты болуы шарт. Отанды қорғау - әр азаматтың қасиетті борышы" деп атап өтті. Мереке құтты болсын!", - деді Ішкі істер министрі.

Марапат алғандардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмат Рахимов болды. Жасы бір ғасырдан асқан ақсақал ғұмырын ішкі істер саласына арнаған.

"Полицейлер мен ардагерлерден бөлек, бұл күні қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшыларының есімі ұлықталды. Олардың қатарында Жәлелхан Мұрымбаев пен Иват Мумбаев бар. Айбынды ерлердің туыстарына мемлекеттік марапат табысталды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Милиция сержанты Иват Мумбаев ішкі істер органдарына 1990 жылы келген. Ол 1992 жылы Орал қаласында үш бұзақыны құрықтау кезінде пышақ жарақатынан көз жұмды.

Жәлелхан Мұрымбаев та погонды еңбек жолын 1990 жылы бастаған. Шығыс Қазақстан облысында қызмет еткен ол 2001 жылы қар құрсауында қалып қойған жолаушыларды құтқарып қаза тапты.

Мерекелік іс-шара арнайы концертпен жалғасты. Отан қорғаушылардың құрметіне эстрада жұлдыздары ән шырқады. 

 

Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін