30 маусымнан бастап ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға тыйым салынады

29.06.2023, 10:29
1546
30 маусымнан бастап ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға тыйым салынады smartnews.kz

Маусым айының соңында ірі қара мал мен ұсақ мал басының экспортына тыйым салу туралы бұйрық күшіне енеді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

30 маусымда Ауыл шаруашылығы министрі мен Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің Қазақстан аумағынан 6 ай мерзімге ірі және ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салу туралы бірлескен бұйрығы күшіне енеді.

Сонымен қатар, 23 маусымнан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағынан 60 000 бас бұқашық мөлшерінде тірі ІҚМ (СЭҚ ТА коды 0102) әкетуге алты ай мерзімге шектеулер енгізді, оның ішінде:

- бордақылау алаңдары үшін - 30 000 бас;

- тауар өндірушілер үшін - 30 000 бас.

Сондай-ақ тірі қой мен ешкіні (СЭҚ ТА коды 0104) 120 000 бас көлеміде шығаруға, оның ішінде:

- бордақылау алаңдары үшін - 30 000 бас;

- тауар өндірушілер үшін - 90 000 бас.

Бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық саны 500 бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге – 200 бастан аспайды.

Қошқарларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына лимит жиынтық саны 1000 бастан, ал бір тауар өндірушіге 500 бастан аспайды.

Ауыл шаруашылық министрлігінің дерегінше, еліміз мал басын ұлғайту үшін бірталай жұмыс істеп жатыр, бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығының ет, сүт, тері, жүн өңдеу және т.б. бағыттарының дамуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, соңғы жылдары көрші елдерде тірі малға деген сұраныс артып, малды шетелге белсенді шығарыла бастауына түрткі болған. Экспорт көлемінің көбеюі мемлекеттің мал шаруашылығы мен қайта өңдеу салаларын дамыту жөніндегі барлық жұмысын жоққа шығаруы мүмкін.

Министрлік ұсынған статистикада көрсетілгендей, аналық малды әкетуге тыйым салу өз нәтижелерін беріп жатыр. 2023 жылғы 1 қаңтарда ірі қара мал басы 2,5%-ға, оның ішінде сиыр 6,3%-ға және қой 2,3%-ға өсті, бұл мал шаруашылығы өніміндегі ішкі нарықтың қамтамасыз етілуіне оң әсерін тигізді.

Бұдан бөлек тыйым салу кезеңінде ет өңдеу көлемі 7,7%-ға 164 мың тоннадан 176,7 мың тоннаға дейін ұлғайды, бұл ет өндірісінің жалпы көлемінің 25% ғана құрайды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды