Жүрсін Ерманның орнын кім басады: танымал ақын айтыстың тізгінін кім ұстайтынын мәлім етті

06.07.2023, 20:52
3318
Жүрсін Ерманның орнын кім басады: танымал ақын айтыстың тізгінін кім ұстайтынын мәлім етті БазарLike

Ақын Рүстем Қайыртайұлы айтыстағы Жүрсін Ерманның орнын кім басуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы El.kz порталының YouTube-тегі БазарLike жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жарты жылдай болды, Жүрсін ағамыздың орнына айтысты Аманжол Әлтаев ағамыз жүргізіп жүр. Өзі ұйымдастырып жүр. Қаржы мәселесін, бәрін Аманжол аға шешіп жүр қазір. Аманжол аға айтысты аты бар азамат. Кейін енді айтысты қойып, шығармашылыққа, ғылымға көңіл бөліп, қазір үлкен биліктің де тізгінін ұстап отыр.

Жалпы айтыстың жүргізушісі, айтысты алып жүретін адамның қолында билік болғаны жақсы. Біріншіден - назар аударту, екіншіден - ақындардың қам-харекетін дұрыстату. Одан кейін талап ете алатындай оның аузы да, бет-келбеті де дуалы болуы керек. Аманжол ағамыз соған сай деп айта аламын.

Содан кейін Ринат Зайытовты айтыстың тізгінін ұстайтын азамат деп есептеймін, жалпы. Билікте қанша болатынын білмеймін. Өйткені Ринаттың ішкі әділдігі бар. Өзі де шырылдатып шындықты айтқан. Өзінің жарқырап көрінген кезі болды. Аяқтан шалуды да басынан өткерді.

Аманжол аға мен Ринаттан айтыстың болашағын, жүргізуін, жүгін арқалауын елестете аламын. Жүрсін ағаның қазір айтысты жүргізетіндей шамасы болмай жүр. Алдағы айтысты Аманжол аға жүргізеді. Семейдегі айтысты Ринат жүргізеді. Ақырындап анықталып жатқан сияқты", - деді Рүстем Қайыртайұлы.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады