160

Ерке мен Райм Италиядағы демалысын көрсетіп, жұртты қызықтырды

Ерке Есмахан өзін итальян фильмінің кейіпкеріне ұқсатты.

Ерке мен Райм Италиядағы демалысын көрсетіп, жұртты қызықтырды
instagram.com/erke_esmahan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев, сахнада RaiM атымен танымал өнер иесі, Италиядағы демалысынан кадрлар жариялады. Жұп Комо көлінің жағасындағы әйгілі Белладжо курорттық қаласына барған.

Белладжо Комо көлінің ең көрікті әрі танымал орындарының бірі саналады. Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында осы сапарынан бірнеше кадр бөлісті.

Әнші кейде ең сәтті суреттер арнайы дайындықсыз түсірілетінін айтып, Италиядағы әсерімен бөлісті.

«Кейде ең әдемі кадрлар арнайы қойылымсыз-ақ түсіріледі екен. Өзімді италиялық киноның кейіпкеріндей сезініп тұрмын», – деп жазды ол.

Жарияланымға пікір қалдырған оқырмандар Ерке Есмаханның Италиядағы бейнесіне жоғары бағасын берді. Олар Белладжоның табиғаты мен әншінің кадрлары үйлесіп тұрғанын атап өтті.

Ал RaiM өз парақшасында Комо көліндегі күн батысын көрсетті. Әнші кешкі уақытта көлге шомылып, демалысынан әсерлі видео жариялаған.

Жұптың Италиядағы сапары әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, жанкүйерлер жұлдыздарға жақсы демалыс тіледі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор