Мұнайдың сыртқа шамадан тыс төгілуінен жер сілкінісі қаупі артады – ТЖМ

30.07.2023, 18:14
897
Мұнайдың сыртқа шамадан тыс төгілуінен жер сілкінісі қаупі артады – ТЖМ smartnews.kz

Мұнайдың төгілуі техногендік сипаттағы үлкен апаттарға ұласуы ықтимал. Мұндай мәліметтер Ашық НҚА порталында жарияланған Қазақстанда сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында жазылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Мұнай мен газды өндіру литосфераның жоғарғы қабатын зақымдайды. Нәтижесінде ол тұрақсыз күйге түседі де, кейін түрлі техногендік апаттар, жер сілкіністері болады. Қазақстанның батыс өңірлерінің сейсмикалық жағдайы жеткіліксіз дәрежеде зерттелген. Сондықтан мұнайдың төгілуін болдырмау, оның алдын алу мақсатына зерттеу жүргізу қажет», - делінген кешенді жоспарда.

Құзырлы ведомство уақтылы әрі дәл сейсмикалық болжам жасау үшін тиісті деңгейде инфрақұрылымды дамытуды және жаңа технологияларды енгізуді ұсынады.

«Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сейсмология саласын дамыту, құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін анықтау және цифрлық технологияларды кеңінен енгізу қажет. Мұнымен қатар, білікті кадрларды даярлау процесін сапалы жаңа деңгейге көтеру маңызды», - деп бастама көтерген Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомство дерегінше, еліміздегі сейсмикалық қауіп жоғары өңірлерде 7 миллионнан астам адам тұрады және онда отандық өнеркәсіп әлеуетінің 50% шоғырланған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды