Павлодарда 14 жасар баланы жасөспірімдер бірнеше сағат бойы ұрып-соққан

01.08.2023, 09:29
455
Павлодарда 14 жасар баланы жасөспірімдер бірнеше сағат бойы ұрып-соққан primeminister.kz

Павлодарлық баланы жасөспірімдер аяусыз соққының астына алған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Университет маңындағы стадион жанында өтіп бара жатқан баланы бір топ жасөспірім көріп қалып, бірден соққыға алған. Баланы шешіндіріп, тепкілеп, бірнеше сағат аяусыз ұрған.

Қазір бала ауруханада жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, балаға мидың жабық жарақаты диагнозы қойылған. Одан бөлек бірнеше жері көгеріп, жоғарғы және төменгі аяқтарының, беттің, бастың, арқаның, кеуденің және іштің абразиялары диагнозы қойылды. Жәбірленушінің жалпы жағдайы орташа деп бағаланған. 

Жағдайға қатысты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мынадай пікір білдірді:

— Қазір зардап шеккен оқушы ауруханада ем алуда. Оған алдағы уақытта жан-жақты көмек көрсетілмек. Тіркелген факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі адамдар жазасыз қалмауы керек.
Балалар арасындағы қатыгездікті алдын алу мақсатында өңірлерге білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын күшейтіп, балаларды қосымша біліммен 100%-ға қамту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды, – делінген комитет хабарламасында.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды