Жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған қыз алаяққа алданып қалды

02.08.2023, 11:17
1158
Жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған қыз алаяққа алданып қалды zakon.kz

Қарағандылық полицейлер жүргізуші куәлігін жасап беремін деп тұрғынды алдаған күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 27 жастағы азаматша арыз түсірген. Жәбірленуші белгісіз біреудің алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақшасын алып кеткенін айтты.

Белгілі болғандай, арызданушыға шұғыл түрде жүргізуші куәлігін рәсімдеу қажет болған. Сөйтіп, ол әлеуметтік желіден куәлікті “жылдам рәсімдеуге” көмектесетін адам тапқан. Желіде тапқан адамының сөзіне сенген жәбірленуші оның жұмысы үшін мобильдік қосымша арқылы 100 мың теңге ақша аударған. Алайда, тиісті құжатты ала алмаған. Содан алаяқтың арбауына түскенін сезген соң полицияға арызданған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен ауыл тұрғыны ұсталды. Ол қылмыс жасағанын мойындады. 

Полиция өкілдері берген ақпаратқа сәйкес, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды