Елорда кәсіпкерлерін сыйақы беруге мәжбүрлеп келген алаяқ ұсталды

15.08.2023, 10:11
583
Елорда кәсіпкерлерін сыйақы беруге мәжбүрлеп келген алаяқ ұсталды видеодан кадр

Өзін фискалды орган қызметкері ретінде таныстырып, Астана кәсіпкерлерінен сыйақы талап етіп келген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«ҚМА Ішкі қауіпсіздік департаменті елордалық экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп өзін фискалдық органдардың қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерді ойдан шығарылған қамқорлық үшін заңсыз сыйақы беруге мәжбүрлеген азаматты ұстады.

Жүргізіліп жатқан тергеу материалдарына сәйкес, күдікті кәсіпкерге моральдық қысым көрсетіп, 300 мың теңге ақша талап еткен.

Бұл жайт мессенджердегі хабарлама және аудиожазбалармен расталады.

Жалған қызметкер қажетті соманың екінші жартысын алу кезінде парамен ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген мәліметте.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының талаптарына орай тергеу барысының өзге мәліметтері жарияланған жоқ.

Өздерін фискалды және басқа органдардың қызметкері ретінде таныстырғандардың заңсыз сыйақы талап ету, қысым көрсету фактілеріне тап болған кәсіпкерлер Қаржылық мониторинг агенттігінің 1458 телефоны арқылы call-орталығына хабарласа алады.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды