Астананың шетінде тұратын тұрғындар орталыққа қатынау қиындағанын жеткізді

23.08.2023, 14:22
567
Астананың шетінде тұратын тұрғындар орталыққа қатынау қиындағанын жеткізді smartnews.kz

Астанадағы Байқоңыр ауданының тұрғындарымен аудан әкімі мен Астана Бас жоспары ҒЖЖИ ЖШС директорының орынбасарымен кездесті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қала тұрғындарының көкейдегі түйткілді мәселелерін тиісті мекеме өкілдері мен аудан әкімінің құлағына жеткізуге мүмкіндігі туды.

Өз мәселесін тікелей жеткізген белсенді тұрғындардың бірі – Аман, Байқоңыр ауданының көп бөлігі біртіндеп өмір сүруге қолайсыз болып бара жатқанын қозғады. Ол аудан әкімі Ерлан Жаулыбаевтан өзге өңірлермен, оның ішінде Павлодар, Көкшетау қаласымен жалғап тұрған трассалардың шектеулі екенін, базар мен ТЭЦ-тер, өндірістік зоналардың көбейіп, адам өмір сүруіне ыңғайсыз тұсын көтерді.

— Алаш шоссесінде әрқашан кептеліс. 6 жолақты жол болса да, үнемі солай. Бұлай жалғаса берсе, шосседегі ондаған жылдардан бері тұрған көпір бір күні құлайды. Денсаулық сақтау орталықтары мен білім беру орталықтары тек сол жағалаудың орталық шағын аудандарында қамтамасыз етілген. Адамдар жұмыс үшін сол жағалауға қатынаумен болады, - дейді тұрғын.

Бұл мәселеге қатысты Астана Бас жоспары ҒЖЖИ ЖШС директорының орынбасары Серік Әбдірахманов мынадай жауап қайтарды:

— 2016 жылғы бас жоспарда барлық қажеттілік бір орталыққа жиысқан еді. Адамдар үнемі сол жағалауға қатынаумен болды. Енді біз ұсынып отырған жаңа бас жоспарда бір әр ауданның шығыс трассаларының бойында өзіне тиесілі полицентрін құрмақпыз. Осылайша шет жақтағы тұрғындар орталыққа қарай қатынауына қатты қажеттілік тумайды, - деп түсіндірді спикер.

Сондай-ақ Серік Әбдірахманов аудандағы агломерация жайын қозғады. Байқоңыр ауданына жақын орналасқан ауылдарға өндірістік обьектілерді салу жоспарда екенін атап кетті.

Еске сала кетсек, Байқоңыр ауданы - Астанадағы көлемі үлкен бірақ адам аз тұратын аудандардың бірі. Ауданда шамамен 200 мыңдай адам тұрақтаған. Байқоңырдың көп бөлігін ескі қалашықтар, үйлер мен өндірістер орналасқан жерлер алып жатыр.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады