Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды

28.06.2025, 14:30
383
Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды бейнежазбадан

Ер адам – балалар үйінің түлегі екені белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары 12 жылдан бері санитарлық талапқа сай емес жағдайда тұрып жатқан көршісіне қатысты шағымданды. Айтуларынша, ер адам жуынбайды, үй жинамайды, қоқысын жинап, нәжісімен бірге балконнан лақтыра береді. Бұл туралы КТК арнасы жеткізді.

Тұрғындар көршілерінің әрекетінен мезі болғанын айтады. Олар бірнеше мәрте өз күшімен оның пәтерін жинап, тазалап берген. Тіпті ақша жинап, арнайы адам жалдап та көрген. Алайда нәтиже болмаған – уақыт өте үй қайтадан қоқысқа толып қалған.

«Бірнеше рет сөйлестік, көмектестік, үйін тазалап бердік. Бірақ бәрі бекер. Бұл адамды енді түзей алмаймыз», – дейді көршілер.

Ер адам пәтерге коммуналдық төлем төлемегендіктен, жарық, су, жылу ажыратылған. Кәріз жүйесі де істемейді. Көршілердің айтуынша, ол дәретті пакетке сындырып, терезеден лақтырады. Ал жағымсыз иіс тек өз пәтерінде емес, бүкіл подъездге жайылған.

Болжам бойынша, ер адам – балалар үйінің түлегі. Жасы 30-дан асқан. Өзінің айтуынша, жұмыс істейді. Бірақ тұрғындар оның нақты қайда жұмыс істейтінін білмейді.

Қазір көршілер оны пәтерден шығаруды талап етіп отыр. Алайда учаскелік полицейлердің бірнеше ескертуінен әріге аспаған. Шарасыз қалған тұрғындар бұл мәселені тек сот немесе әлеуметтік мекемелердің араласуымен ғана шешуге болады деп отыр.

Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті