Антикор шенеуніктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?

27.06.2025, 19:30
1464
Антикор шенеуніктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? t.me/antikornews

Мемлекетке қайтарылған мүліктің жалпы сомасы 1,15 трлн теңгеден асқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жемқор шенеуніктерден тәркіленген үйді көрсетті. Мұндай мүліктер мемлекет меншігіне өтіп, әлеуметтік нысандарға айналып жатыр.

2025 жылғы 27 маусымда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикор) өзінің Telegram арнасында жемқорлық қылмысы үшін тәркіленген зәулім үйдің видеосын жариялады. Бұл баспана мемлекет пайдасына өткен мүліктердің бірі ғана.

Ведомствоның хабарлауынша, бейнеролик арнайы пресс-тур кезінде түсірілген. Шара барысында журналистер, блогерлер, қоғам белсенділері мен азаматтық сектор өкілдеріне мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар көрсетілген.

1,15 трлн теңге – мемлекетке қайтарылған мүліктің жалпы сомасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, 2022 жылдан бері 1,15 триллион теңгеден астам заңсыз шығарылған активтер мен қаражаттар мемлекетке қайтарылған. Бұған бизнес-орталықтар, тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, жер телімдері, люкс автокөліктер мен қаржы қаражаттары кіреді.

Мысал ретінде Антикор келесі нысандарды атады:

Алматыда:

"Maisat" бизнес-орталығы — «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ балансына берілді;

"Kaisar Tower" (құны 7,9 млрд теңге) — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне тапсырылды;

Құны 800 млн теңгелік әкімшілік ғимарат — Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының меншігіне өтті.

Астанада:

Жалпы құны 5 млрд теңгеден асатын үш жеке үй — Астана қаласы әкімдігінің мүгедектігі бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мекемесіне берілді.

Қайтарылған ақша - мектептерге жұмсалды

Білім инфрақұрылымын қолдау қорының арнайы шотына 153,3 млрд теңге (немесе 329 млн доллар) аударылған. Бұл қаражат есебінен 89 мектептің құрылысы қаржыландырылып отыр. Қазірдің өзінде 61 мектеп пайдалануға берілген, ал қалған 28 мектеп 2025 жылы салынады.

Сондай-ақ, Арнайы мемлекеттік қор арқылы да қаржыландыру көзделіп отыр. Бұл қорға мемлекет меншігіне қайтарылған мүліктердің сатылымынан түскен қаржы мен басқа да түсімдер жиналады.

Антикор: Жұмыс жалғасады

Ведомствоның мәлімдеуінше, жемқорлардан заңсыз иеленген активтерді қайтару — агенттіктің басым бағыттарының бірі. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады. Барлық қайтарылған мүлік тек мемлекет мүддесіне пайдаланылуы тиіс.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды