Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды

28.06.2025, 11:49
1014
Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды көрнекі сурет 2gis.kz

Мейрамхана қонақтар жаппай уланған соң жабылып қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда Bellagio банкет залында өткен отырыстан кейін 67 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың басым бөлігінде сальмонеллёзді энтерит анықталған. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz жазды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 1-бөлігі бойынша (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу, салдарынан адамдардың жаппай ауруы, улануы немесе сәуле алуы) сотқа дейінгі тергеу басталған.

Аталған бап бойынша айыпты деп танылған тұлға 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұлмен, не дәл сондай көлемде түзету жұмыстарымен, не 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартумен, не екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Еске салайық, 7 маусым күні Bellagio мейрамханасында ұзату тойы өткен. Кейін жиырмадан астам қонақ өзін жайсыз сезініп, кейбірі ауруханаға жеткізілген. 8 маусымда тағы бір отбасылық жиыннан кейін жұқпалы ауруханаларға жаңа науқастар түсе бастаған — бұл жолы мерейтой қонақтары уланған.

Санитарлық тексеріс нәтижесі бойынша ресторандағы дайын тағамдардың, шикізат пен аспаптардың сынамаларынан сальмонеллаалтын түсті стафилококкішек таяқшасы анықталған.

Оқиғадан соң Bellagio ұжымы Instagram парақшасында банкет залын жабатынын және команданың таратылатынын мәлімдеді. Олар осы уақытқа дейін залда той жасаған барлық той иелеріне алғысын айтты.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді