SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал блогерлер Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров отбасылық өмірдің жаңа кезеңіне қадам басуда. Жұлдызды жұп жақында ата-ана болмақ.
Жақсы жаңалықты алғаш болып Сәкен Қағаров әлеуметтік желіде бөлісті. Ол болашақ сәбиіне арнап: "Сені күтеміз, балапан" – деп жазды. Жазба астына ерлі-зайыптының жүздерінен қуаныш пен толқу сезілген суреті жарияланды.
Айта кетейік, қос блогер мамыр айында отау құрған болатын. Сол кезде Айжұлдыз Адайбекованың ұзатудағы ерекше образы желі қолданушылары арасында үлкен талқы туғызған еді.
Айжұлдыздың дәстүрлі сәукеле кимей, ақ көйлекпен ұзатылғаны әлеуметтік желіде түрлі пікір тудырды. Оқырмандар:
"Ақ көйлекке ештеңе жетпейді екен", "Сәукелесіз ұзатылған бірінші қыз", "Айжұлдыз өзінің дара екенін тағы бір дәлелдеді", "Құрбысы дизайнер ретінде керемет жұмыс істеген" – деп жарыса жазды.
Кейбіреулер бұл образды батыл әрі стильді деп бағаласа, енді біреулер ұлттық дәстүрден ауытқуды сынға алды. Дегенмен, көпшілік оның жеке стилін мойындап, еркін шешім қабылдай алғанын жоғары бағалады.
Айта кету керек, Айжұлдыз Адайбекова – әлеуметтік желідегі белсенділігімен, өзіндік ойы мен образы арқылы танымал болған блогер. Ал Сәкен Қағаров – танымал контентмейкер, влогтар мен lifestyle бағытындағы жобаларымен көзге түскен.