«Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды

27.06.2025, 16:49
1433
«Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды SMARTNEWS.KZ коллажы

Қазақстанда 12 үйі бола тұра атаулы әлеуметтік көмек алып жүргендер анықталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда әлеуметтік көмек жүйесінің шикілігі тағы да сынға ілікті. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Бекболат Орынбеков шенеуніктердің назарын қоғамда үлкен резонанс тудырған бір жайтқа аударды — елде бір уақытта алтыдан 12 үйге дейін иелік етіп, соған қарамастан үкіметтен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып жүрген азаматтар бар екен.

«Мұқтаж еместерге беріліп жатқан көмек – әділетсіз», – деді сенатор.

Оның айтуынша, мемлекет шын мұқтаж адамдарды қолдау үшін бөлген қаражатты жағдайы жақсы отбасылар заңсыз жолмен иемденіп отыр.

«Атаулы әлеуметтік көмек алып отырса да, 6-дан 12 үйге дейін мүлкі бар 15 отбасы анықталды. Тағы 1,5 мың отбасының атында коммерциялық жылжымайтын мүлік бар екен. Бұл өте дабылды белгі. Мұндай әдістермен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта алмаймыз. Жүйені түбегейлі өзгерту керек», — деді Орынбеков.

Министр не дейді?

Сенатор бұл мәселені көтере отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың жауабын талап етті. Ол АӘК жүйесіндегі осындай олқылықтарды қалай жоятынын нақты сұрады:

«Бұны тоқтату үшін не істейсіздер?» — деген еді депутат.

Министрдің жауабына қарағанда, белгілі бір өзгерістер қолға алыныпты. Енді атаулы көмек алуға өтініш берген азамат өзінің банк құпиясын ашуға келісім беруі тиіс. Яғни, мемлекет табысты тек құжатпен емес, банк деректері арқылы да тексере алады. Бұл жаңа талап тиісті бұйрықпен бекітілгенін айтты.

«Енді АӘК алу үшін әрбір азамат банктік шоты мен кіріс көзін ашық көрсетуге міндетті болады. Осы арқылы біз жалған мәлімет беріп, көмек алып жүргендерді анықтай аламыз», — деді Светлана Жақыпова.

Неліктен бұл маңызды?

Қазақстанда әлеуметтік көмек жүйесі көп жылдан бері әділетсіздігімен сынға ұшырап келеді. Көпбалалы аналар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардың арасында «АӘК-ті ала алмадық, себебі шектеу тым көп» деген шағым жиі айтылады. Ал бай адамдардың еш кедергісіз көмек алуы — жүйедегі олқылықтарды ашық көрсетіп отыр.

Сарапшылар бұл мәселе халықтың мемлекетке деген сенімін төмендететінін айтады. Егер шын мұқтаж адам көмекке қол жеткізе алмаса, ал жағдайы жақсы отбасы мемлекеттік көмекпен күн кешіп жүрсе — онда бұл тек әлеуметтік әділетсіздік емес, ұлттық қауіпсіздікке де қатер болуы мүмкін.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды