Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты

27.06.2025, 17:33
389
Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты SMARTNEWS.KZ коллажы

Qantar қоры Шерзаттың ісіне қалай қатысқаны белгілі болды. Қор басшысы кімге, не үшін ақша төленгенін айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, атышулы Шерзаттың ісі бойынша қаржылай көмекті Айтбек Амангелді қордан өзі сұрағаны белгілі болды. Qantar директорының орынбасары Мұхамедхан Омаров Orda.kz басылымына мән-жайды айтып берді.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған Qantar құқықтық көмек көрсету орталығы қоғамдық қорының аты елге белгілі. Қор құқық қорғау органдарының озбырлығынан зардап шеккен азаматтарға заңгерлік және психологиялық қолдау көрсетіп келеді. Алайда соңғы кезде Qantar-дың аты Шерзат Полаттың ісіне байланысты жиі аталып жүр. Айтбек Амангелді бастаған топтың осы іске араласуы мен олардың алған қаражаты қоғамда дау туғызды. 

Qantar қоры Қаңтар кезінде оқ тиіп қайтыс болған, соққыға жығылған, азапталған адамдарға көмектескен. Мысалы: Алматыда оқиға кезінде жараланған Берік Әбішевке, көзінен айырылған Ермек Әбдірәшовке, азаптауға ұшыраған Азамат Батырбаевқа, Талдыкорғанда автокөлігіне оқ атылған Сейітқұловтар отбасына, қайтыс болған 4 жасар Айкөркемнің отбасына заңгерлік көмек көрсеткен.

Қор 55 істі зерттеп, оның ішінде 16 адамға тағылған айыптың негізсіз екенін дәлелдеп, істі жапқызған.

2024 жылдың күзінде қор екі резонансты іске араласуға шешім қабылдайды. Бірі Талғардағы Шерзат Полаттың өлімі болса, бірі Қызылордадағы жасөспірімді жыныстық құлдықта ұстау оқиғасы.

Айтқандай, Шерзаттың ісі бойынша Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, көмек сұраған. Қор бастапқыда тек адвокаттардың шығынын өтеп, Талғарға бару, психолог жалдау, көлік жалдау сияқты ұйымдық қолдау көрсеткен.

Тіпті Айтбек пен оның командасымен келісімшарттар болған. Қор олардың жұмысына ақы төлегенін растады. Бірақ Айтбек бұл туралы жария айтпаған. Әлеуметтік желідегі жазбаларында барлық жұмысты «өз қаражатына істегенін» мәлімдеген.

Қор өкілдері Айтбектің не себепті олардың көмегін жасырып келгенін түсіне алмай отыр.

«Біз жасырын ұйым емеспіз. Қаржылай қолдауды өзіміз сұрамадық. Айтбек неліктен көмек көрсеткенімізді айтпады – білмейміз. Бізді жасыратындай еш жамандық жасаған жоқпыз», – дейді қор директорының орынбасары Мұхамедхан Омаров.

Шерзаттың әкесі – Қаржаубай Нұрымов та Qantar қорының көмегі туралы мүлде білмеген. Ол көмек көрсетуші кім екенін сұрағанымен, Айтбек жауап бермеген. Ақыры отбасымен арада түсініспеушілік туып, қорғаушылардан сенімхаттар кері қайтарылған.

Белгілі болғандай қор Айтбек Амангелдіден қаржылық есепті толық бермегенін айтты. Алдағы уақытта бұл мәселені екіжақ жеке кездесуде талқыламақшы. Сонымен қатар, қор қазіргі таңда жұмысын жалғастырып жатыр.

«Біз Қаңтар оқиғасы аяқталғаннан кейін жұмысты тоқтатайық па деп ойладық. Бірақ құқықтық көмекке мұқтаж жандар көп, сондықтан жалғастыруды жөн көрдік», – дейді Омаров.

Qantar қорының директоры — Марат Құрманалиев, ал қоғамдық ұйым ретінде жұмыс істейтін Qantar қорының негізін қалаушылар — 5-6 құрылтайшы. Қордың ашықтығы мен тиімділігін 10 шақты адамнан тұратын Қамқоршылық кеңес қадағалайды.

Қаржыландыру көзі ретінде негізінен осы құрылтайшылар мен жекелеген азаматтардың ерікті көмегі пайдаланылады. Қордың басты мақсаты — құқықтық қолдауға мұқтаж жандарға адвокат жалдап беру, заңгерлік көмек көрсету.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапты. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, сот процесіне ұласқан. Бұл іс бойынша барлығы 9 адам сотталды. Басты күдікті – Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылса, кәмелетке толмаған жасөспірім – 1,5 жылға, қалғандары – 7 жылдан 20 жылға дейін түрлі мерзімдерге сотталған еді.

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды