SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Марат Омаров Sports24.kz порталына берген эксклюзивті сұхбатында қазақстандық футболдағы келісілген матчтар туралы пікір білдірді.
«Ермұхамед Мәуленнің қандай нақты мәлімдеме жасағанын естіген жоқпын. Бірақ бір нәрсені ашық айта аламын – ешқандай қысым болған жоқ.
Ал келісілген матчтар мәселесіне келсек, мұны «Sport Radar» деген халықаралық ұйым бақылап отырады. Солардың дерегіне сүйенсек, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша әлемде төртінші орында тұр. Бұл өте өкінішті жағдай.
ҚФФ бұл проблемаға қарсы нақты әрекет етіп жатыр. Сондықтан Ермұхамедтің айтқандарында шындық бар деп ойлаймын», – деді федерация басшысы.
Айта кетейік, Ермұхамед Мәулен бұған дейін ҚФФ-да қызмет атқарған. Кейіннен жұмыстан кетіп, футбол саласындағы бірқатар жүйелі мәселелер мен қысым туралы ашық мәлімдеме жасаған.
Журналист қазақстандық футболдағы келеңсіздіктерге байланысты бірнеше рет сын айтып, әлеуметтік желіде қызу талқыланған пікірлерімен бөліскен болатын.