1300

"Ұятты сөз жазылып тұрды": Маңғыстаудағы көне шатқалдың қабырғасын ойып атын жазған ақтөбелік шенеунік өз әрекетін түсіндірді

Ақтөбедегі қазақ зағиптар қоғамы қалалық мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев Маңғыстау облысындағы Ыбысты-Сай каньонына жазу жазып кеткен. Ол өз әрекетіне түсініктеме берді.

"Ұятты сөз жазылып тұрды": Маңғыстаудағы көне шатқалдың қабырғасын ойып атын жазған ақтөбелік шенеунік өз әрекетін түсіндірді
stan.kz

Манас Көшербаев өзінің Facebook-парақшасында бейнехабарлама жүктеп, не себепті мұндай қылық жасағанын айтып берді.

Мәдениет үйі директорының айтуынша, каньон қабырғасында әдепсіз сөз жазылған және ол оны бұрағыш пен балғамен түзетуге шешім қабылдаған.

"Жалғыз ниетім – ұятты сөзді әдемі атқа ауыстыру еді", – дейді Көшербаев.

Ақтөбе тұрғыны ежелгі каньонды бүлдіруге ниеті болмағанын айтып, бәрінен кешірім сұрады.