"Құны 12 миллион теңгеге дейін": Елімізде суррогат аналарға сұраныс артуда

12.09.2023, 09:44
657
"Құны 12 миллион теңгеге дейін": Елімізде суррогат аналарға сұраныс артуда canva.com

Репродуктолог дәрігерлердің айтуынша, елімізде суррогат аналар тапшы. Бұл туралы smartnews.kz сайты 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде суррогат әйелдерге деген сұраныс артып, интернет желісінде мұндай қызмет көрсететіндерді іздегендер көбейген. Ерлі-зайыптылар оған 12 миллион теңгеден астам ақша беруге дайын екен. Алайда бұл істі бизнеске айналдырған әйелдер бұл соммаға да келіспейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, қазір Қазақстанда сәби сүюді армандап жүргендер саны 20 мыңнан асады. Ал "суррогат ана" болу заңмен реттелген. Мамандардың айтуынша, қазір оларды табу қиын. Өйткені жатырын "жалға беретін" құрсақ аналарға қойылатын талаптар жоғары. Сондай-ақ көп әйелдің денсаулығында кінәрәт бар.

“Денсаулығы жақсы, 34 жасқа дейінгі әйелдер ғана суррогат ана бола алады. Заң бойынша ол баланы дүниеге әкелгенде, 35 жасқа толмауы керек. Сонымен қатар осыған дейін дені сау бір баланы табиғи жолмен дүниеге әкелуі міндетті. Ешқашан түсік жасамаған болуы тиіс. Бүгінде осындай талаптарға сай келетін сау ананы табу өте қиын”, – деді Алматы қалалық репродуктивтік медицина институтының репродуктолог-дәрігері Жанар Тайбағарова.

"Құрсақ ана" іздегендер Алматы қаласында көп. Биыл 100 отбасы балалы болуды армандап, орталыққа келген. Сәби сүюге зар болғандар суррогат аналарға екі миллионнан 12 миллион теңгеге дейін беруге дайын.

“Суррогат ананың ақысына қатысымыз жоқ. Бұл – отбасы екеуінің арасында нотариус арқылы жасалатын келісімшарт. Онда әрбірінің міндеттері жазылады. Мысалы суррогат анаға ішімдік ішпеу, темекі шекпеу деген сияқты талаптар қойылады. Әрине, суррогат ана қызметінің тегін болғанын қалар едік. Бірақ оған ешкім келіспейді. Өйткені оларды қаржы мәселесі толғандырады. Алайда жақындары, туыстары тегін құрсақ ана болып беретін жағдайлар бар”, – деді репродуктолог-дәрігер.

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады