Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті

23.05.2025, 12:32
1913
Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті britannica.com

Отандастарымыз коррупциямен күрестің жаңа технологиясын ұсынған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық Datanomix.pro стартапы Оксфорд Инсайд пен Open Contracting Partnership бірлесіп дайындаған халықаралық зерттеуге енді. Бұл туралы Digitalbusiness.kz жеткізді.

Бұл — мемлекеттік үдерістерде, әсіресе сыбайлас жемқорлықпен күресте, жасанды интеллекттің нақты пайдасын көрсететін жаһандық жарияланымдар сериясындағы алғашқы мысал. Зерттеуде аталғандай, қазақстандық жоба мемлекеттік сатып алуды бақылау үшін жасанды интеллектті тиімді пайдаланып отыр.

Стартап әзірлеген жүйе күн сайын тендерлерді талдап, автоматты түрде күмәнді жағдайларды анықтайды — бағаның негізсіз жоғары болуы немесе компаниялар арасындағы ықтимал сөз байласу сияқты. Бұл жүйе жұмысында GPT технологиясын қоса алғанда, ірі тілдік модельдер қолданылады.

Зерттеуде келтірілген мысалдардың бірі: жүйе нарықтағы бағасы 4 000 теңге болатын бір бума қағаздың 250 000 теңгеге сатып алынғанын анықтаған. Осы ескерту негізінде сатып алу тоқтатылған.

Оксфорд зерттеуінің авторлары Қазақстанның технологияны нақты өзгеріс құралы ретінде пайдаланып отырған басқа елдерге үлгі бола алатынын атап өтеді. Дегенмен, жүйе автоматтандырылғанымен, шешім қабылдау адам қолында қалады – ИИ тек назар аударуды қажет ететін тұстарды көрсетеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді