«Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды

23.05.2025, 11:33
862
«Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды бейнежазбадан

Беттестіру кезінде Нұрқияс қолында пышақ болмағанын айтып ақталса, Нұрғанат мылтық атпағанын айтқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті ашық сот отырысы жалғасып жатыр.

Тыңдалым марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев пен сотталушы Нұрқияс Илясов арасындағы беттестіру бейнежазбасын зерделеуден басталды.

Бейнежазбада Нұрқияс Илясов оқиға болған күні мылтықты Нұрқанат Ғайыпбаевтан тартып алғанын, өз қолында пышақ болмағанын мәлімдеген. Өз кезегінде Нұрқанат Ғайыпбаев мылтық атқанын жоққа шығарды.

– Жігітше мойындасаңшы, сен мылтық аттыңғой, – деді Илясов.

– Мен атқан жоқпын, – деп жауап берді Ғайыпбаев.

Беттестіру барысында сотталушы Нұрқияс Илясов марқұмды мылтықпен ұрғанын және оқиға орнынан қаруды алып кеткенін жеткізді. Сонымен қатар ол өзінде пышақ болмағанын айтты.

Сонымен қатар Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишімбиева беттестіру кезінде сотталушылардың бірі Абзалдың өзіне «аузыңды жап, сені де өлтіреміз» дегенін айтып, оқиға кезінде барлық қатысушылардың қолында пышақ болғанын мәлімдеді.

Алайда сотталушы Нұрқияс Илясов бұл айыптаулармен келіспейтінін, оқиға орнында марқұмның анасын көрмегенін айтып, беттестіруден бас тартты.

Іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.

«Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды