Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды

Аиса Махамбет Редактор
23.05.2025, 14:04
1078
Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды oddee

Құстың арқасына электронды құрылғы бекітілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Эфиопияда нағыз халықаралық дауға айнала жаздаған қызық оқиға болды: ауыл тұрғындары Швециядан ұшып келген шағаланы тыңшы деп ойлап, қолға түсірген.

Бәрі құстың арқасына бекітілген электронды құрылғыны байқаған сәттен басталған. Жергілікті жұрт бұны тыңшылық құрал деп санап, құсты ұстап алып, құрылғыны тексере бастаған. Трекердің бетінде электронды пошта мекенжайы болған – ашуға мінген эфиопиялықтар сол адреске жүздеген ашулы хат жіберген.

Алайда көп ұзамай белгілі болғандай, бұл құрылғы жай ғана құстардың көшу бағытын бақылауға арналған GPS-трекер екен. Ал пошта мекенжайы – Швециядағы Birdlife Sweden атты табиғатты қорғау ұйымына тиесілі.

Орнитологтар жағдайды түсіндіріп, эфиопиялықтардан құсты босатуды өтінген. Себебі шағала Швецияға оралып, ұрпақ өрбітуі тиіс болған. Бірақ еш жауап келмеген, ал құрылғының сигналы мүлде жоғалған...

Орнитологтар ауыл тұрғындарының алаңдаушылығына түсіністікпен қараған. Birdlife Sweden жетекшісі Никлас Аронссон:

«Бұл аймақта қарулы қақтығыстар болып жатыр. Сондықтан құстар немесе құс пішініндегі дрондар шпионаж мақсатында жиі пайдаланылады», – деп мәлімдеді.

Ғалымдар жануарлардың шпион ретінде қолданылған басқа да нақты оқиғаларды еске салды. Мысалы, ЦРУ кезінде тыңшы көгершіндер мен микрофон орнатылған мысықтарды, ал Қытай өткен жылы қанат қағып ұшатын құс-дронды таныстырған. Тіпті, қарапайым адам көзбен ажырата алмай қалуы мүмкін.

Яғни, бұл жолы жай ғана шағала болса да, «тыңшылық» күдігі әсте негізсіз емес сияқты.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды