Nobel Fest қатысқан спикерлер қандай тұжырымдарды алға тартты?

07.10.2023, 11:13
795
Nobel Fest қатысқан спикерлер қандай тұжырымдарды алға тартты? Nobel Fest, Mazmun Media

Нобель сыйлығының лауреаттары, «Серпін» (ғылыми Оскар) сыйлығының иегерлері, зерттеушілер, әзірлеушілер, футурологтар және басқа да прогресс жасаушылар Қазақстан халқымен жүздесу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жиналды. Бұл туралы smartnews.kz хабарлайды.

Фестивальға қатыстқандардың бірі, футуролог, инновациядағы ТОП-3 ықпалды ғалымдардың бірі (Wired), «Технология адамға қарсы» бестселлерінің авторы Герд Леонгард жасанды интеллект туралы өз пікірімен бөлісті.

«Эмоциялар, шығармашылық, эмпатия, жанашырлықтың көрінісі - мұның бәрін жасанды интеллект түсінеді, бірақ ол формальды түрде ғана түсінеді, алайда сезбейді. Мен күнделікті жұмыс істей алатын роботтардың болғанын қалаймын, компьютерлердің жанашыр болғанын, сезінгенін, олардың мен болғанын көргім келеді. Біз нені адам жасайтынын және роботқа нені сеніп тапсыруға болатынын анықтауымыз керек», - деді ол.

Сондай-ақ Аризона университетіндегі жерді және ғарышты зерттеу кафедрасының негізін қалаушы профессоры және «Origins» жобасының құрметті директоры Лоуренс Краус галактикаға қатысты тұжырымдарымен бөліссе, Силикон алқабының білгірі, Foreign Policy журналының 100 жаһандық ойшылдарының бірі Вивек Вадхва Nobel Fest сессиясында еліміздің дамуына қатысты ұсыныстар тастады:

«Қазір нағыз революцияның уақыты – барлығы дерлік тегін және таза энергиямен жұмыс істейді. Бұл үдерістер Қазақстанға да ықпал етеді, сондықтан сіздер инновацияны өте жылдам енгізулеріңіз керек. Ғарыштық зерттеулер, Айға туристік сапарлар - бұл жұмыстардың барлығы үнемі және жүйелі түрде орындалуы тиіс. Соңғы 100 жылда бізде керемет өнертабыстар болды. Біз ең ұлы уақытта өмір сүріп жатырмыз», - деді ол.

Фестиваль барысында тарихи, кәсіпкерлік, экономика қалай өзгеретініне қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды