Қарағанды шахталары көлденең атты келімсектен мемлекетке алынды

02.11.2023, 20:56
1151
Қарағанды шахталары көлденең атты келімсектен мемлекетке алынды canva.com

Қарағанды шахтасындағы жарылыстың салдарынан 46 адамның мерт болу қайғысынан жуық арада шыға алмаспыз.

Мұндай қасірет қайтала көрмесін. Қайғылы оқиғаға байланысты жаңа деректер мен қолға алынған шаралар пайда болып жатыр. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхан үкіметтің отырысында жарылыс болған Костенко атындағы шахтада заң бұзушылықтар орын алғанын мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қазба жүргізілген учаскелердің кейбірін су басқандықтан құтқару жұмыстары айтарлықтай қиындаған. Үйінділерді тазалап, қаза болғандардың денелерін табу да оңайға соқпаған.

«Қазіргі уақытта ашық жану ошақтары жоқ, газдық жағдай қалыпты. Шахтаның қызметін қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелердегі суды сыртқа тарту жұмыстары жүргізілуде», – деді министр өзінің берген есебінде.

Министрдің айтуынша, апаттың себептерін зерттеу үшін өзі үкіметтік комиссия мүшелерімен бірге шахтаға түскен. Олар заң бұзушылықтарды анықтаған. Қазба жүргізілген аумақтарда шахта жабдықтары жылжып кеткен. 15-шақты бөгет және желдету құрылғылары қираған. Үкіметтік комиссиядан бөлек, тағы шағын жеті комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр екен. Министр тергеуге Қазақстаннан және шет елдерден сараптамалық ұйымдар тартылғанын айтты. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қозғалған қылмыстық істің аясында Бас прокуратура «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының құжаттарын тәркілеген. Бұл туралы мәліметті Бас прокуратура таратты. Жарылыс болып, 46 адам қаза болған Костенко атындағы шахта осы акционерлік қоғамға қарасты кәсіпорындардың бірі.

Ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылған. Бұл топ шахтада болған оқиғаларды зерттеуді әрі тергеуді жалғастырып жатыр. Таратылған ақпаратқа қарағанда, газ-метан қоспасының жарылуының себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында шахтаға түсу арқылы оқиға орнына алғашқы тексеру жүргізілген. Ауысым қызметкерлерінен, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінен жауап алынған. Жарылыс-техникалық, биологиялық, геномдық-молекулалық және тағы басқа сот сараптамалары тағайындалған. Кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетіні айтылды. Қылмыстық іс бас прокурордың бақылауында.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуына қарағанда, «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамынан меншік құқығы алынып тасталғаннан кейін кәсіпорындар басқа шет ел инвесторына берілмейді. 

Жалпы, штаб-пәтері Люксембургте орналасқан «АрселорМиттал» концернімен келіссөздер көптен жүргізіліп келе жатқаны айтылды. Үндістанның магнаты  Лакшми Миттал Қарағанды шахталарынан бас тартуға келісімін берді. Құжатқа 22-қазанда қол қойылған, ал арада бірнеше күн өте Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қанат Шарлапаевтың айтуынша, компанияның активтерін сатып алу үшін бюджет қаржысы пайдаланылмайды. Бірақ  қазіргі акционермен соттаспау үшін заңнамалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Миллиардер Лакшми Миттал да жауапқа тартылуы мүмкін. Оның техникалық қауіпсіздікті қожыратқаны, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпағаны, шахталарда жаңғырту жұмыстарын жүргізбегені осындай қайғылы оқиғалардың қайталанғанынан көрінсе керек. Егер Лакшми Миттал кінәлі деп танылса, құқық қорғау органдары оны жауапқа тартуға құқылы екені бұған дейін айтылған.

Қазақстанда Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қолтаңба жинау жүріп жатыр. Петиция авторлары шахталарда адамдардың қаза болуы жыл өткен сайын артып жатқанын баса айтқан.

«Біз, петицияға қол қойған азаматтар, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қожайыны Лакшми Миттал мен менеджері Палаватха Кришнанның қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әрекетсіздікке барғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеміз! Сондай-ақ компанияның еңбек жағдайын тексеруі тиіс мемлекеттік қызметкерлерді де естен шығармау керек!» делінген құжатта.

Петиция авторларының жазуынша, соңғы 5 жылда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының табысы 1 триллион теңгені құраған. Компания өзінің менеджері Палаватха Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375 миллион 900 мың теңге немесе айына 31 миллион 300 мың теңге немесе күніне шаққанда 1 миллион 100 мың теңгеден төлеп келіпті. 

Қазақстанда бұдан былай «АрселорМиттал» атауы қолданылмайтыны белгілі болды. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атын өзгертіледі екен.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты