Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)

05.07.2025, 15:15
2863
Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) бейнежазбадан

Қаскөй әлі қолға түспеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысы, Қозыбасы ауылында Lexus көлігінің жүргізушісі артқа шегінген кезде 6 жасар баланы қағып кетті. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бірақ жүргізуші зардап шеккен балаға көмектесудің орнына оқиға орнын тастап кеткен.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 шілде күні ауыл дүкендерінің бірінің маңында болған. Lexus RX 300 көлігі артқа жүріп бара жатып, велосипедпен ойнап жүрген 6 жасар баланы қағып кеткен.

Бейнежазбада жүргізушінің баланы қаққан соң, тоқтамай кетіп қалғаны анық байқалады. Бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

— Қазір күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Облыстық полиция департаментінің жеке құрамы толық жұмылдырылды, — деп хабарлады Алматы облысы ПД.

Полиция өкілдері жол апаты фактісі және оқиға орнын тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба астындағы пікірлерде көлікті басқарған адам аудандық учаскелік полиция инспекторы болуы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда Алматы облыстық ПД бұл ақпаратты растаған жоқ, тек азаматтарды ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырды.

«Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады Украинадағы соғыста балалар бұрынғыға қарағанда көп қырылып жатыр Белдікпен 1 сағат ұрған рэпер әйелімен сотта татуласты Атырауда өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің екеуі де көпбалалы отбасыдан шыққан Түркістанда өзеннен 27 жастағы әйелдің денесі табылды Армения Ресейге ресми наразылық нотасын жолдады: Ереван «ішкі істерге өрескел араласу» деп бағалады Былтыр күзде жоғалып кеткен қыздың мәйіті Жайықтың жағасынан табылды