Шанхайдағы Қытай ЭКСПО-да Қазақстанның ұлттық стенді ашылды

05.11.2023, 17:01
213
Шанхайдағы Қытай ЭКСПО-да Қазақстанның ұлттық стенді ашылды gov.kz

Қытайдың алтыншы халықаралық импорт көрмесі (China International Import Expo) 5-10 қараша аралығында ҚХР, Шанхай қаласында өтеді.

Қытайдағы қазақстандық делегацияны Қазақстанның Премьер-Министрі Әлихан Смайылов басқарады, ол көрменің ашылуына қатысып, Ұлттық павильондардың жұмысымен танысты.

Биыл Қазақстан өзінің экспорттық, инвестициялық, логистикалық, туристік және инновациялық әлеуетін екі стендте ұсынуда – елдік және коммерциялық. Қазақстанның Шанхайдағы ЭКСПО-дағы ұлттық стендін ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев таныстырды.

Ұлттық стенд алаңында Kazakh Invest, Kazakh Tourism, KazakhExport, ҚТЖ, Air Astana, Қазпошта, ҰАТ және басқа да компаниялардың тіректері орналасқан. АӨК секторын Ет одағы, Қазақстанның майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің Ұлттық қауымдастығы, Астық одағы және Азық-түлік корпорациясы ұсынады.

Қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық импорт көрмесіне қатысуын ұйымдастырушылар ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен экспортты мемлекеттік қолдау шараларының операторы QazTrade және Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының елшілігі болуда.

Арман Шаққалиев атап өткендей, біздің еліміз Орталық Азия аумағында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Қазақстан өңірде дәнді және майлы дақылдарды өндіру және экспорттау бойынша жетекші орынға ие.

«Бүгін еліміз бен ҚХР арасында қазақстандық ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін экспорттау бойынша 21 хаттамаға қол қойылды, бұл АӨК тауарларын Қытайға жеткізуді едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Осы ретте, Қазақстан экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытай нарығына экспорты көлемін кеңейте алады. Тек өсімдік майлары мен шрот бойынша экспорттық әлеует 300 млн долларды құрайды», - деді Арман Шаққалиев Ұлттық павильонның тұсаукесері барысында.

Қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда сиыр, қой және құс етін өндірушілердің үлкен мүмкіндіктері бар.
Қазақстан мен Қытай арасында сауда логистикасы табысты дамуда, темір және автомобиль жолдарын, авиацияны қамтитын маршруттық желі құрылды. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автокориді Еуропаға жүктерді қысқа мерзімде - 10-12 күнде жөнелтуге мүмкіндік береді.

Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстан халықаралық маңызы бар көлік-логистикалық торапқа айналуға зор күш салуда. 2014 жылдан бастап Ляньюньган портында қытайлық серіктестермен бірлесіп құрылған логистикалық терминал жұмыс істеуде. 2023 жылдың мамыр айында Сиань Құрғақ портында қазақстандық терминалдың құрылысы басталды.

«Алдағы үш жылда 1300 шақырым жаңа теміржол жолдарын салу, Қытаймен шекарада үшінші теміржол пунктін ашу, «Бақты» және «Қалжат» жаңа құрғақ порттарын салу жоспарлануда. Яғни, Қазақстан Еуропа мен Таяу Шығыс елдерін қоса алғанда, Батыс бағытта жүктерді тасымалдау үшін барынша қолайлы жағдай жасайды», - деп атап өтті Сауда және интеграция министрі Қазақстанның логистикалық әлеуетін көрсете отырып, Шанхайдағы импорт көрмесінің ашылуда.

Инвестициялық мүмкіндіктер туралы айта келе, Арман Шаққалиев ҚХР-дің Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың көшбасшыларының бірі екенін айтты.

«Қазақстанға Қытай инвестицияларының жалпы ағыны 2005 жылдан 2023 жылға дейін шамамен 23,4 млрд долларды құрады. «Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясында жалпы сомасы 21,1 млрд долларға 52 бірлескен жоба іске асырылуда. 2015 жылдан бастап 27 жоба іске қосылды», - деп нақтылады ҚР Сауда және интеграция министрі.

Бүгінде қытайлық инвесторлар үшін үш басым бағыт анықталды: логистика, АӨК дамыту және тауарларды терең өңдеу.

Қазақстан Қытайдың ЭКСПО-на 2018 жылдан бері тұрақты қатысып келеді, осы уақыт ішінде 160 компания өз өнімдерін CIIE алаңында ұсына алды. Бес жыл ішінде 250 миллион долларлық келісімшарттар жасалған.

Массаждың орнына интимдік қызметтер: үш Өскемен тұрғыны жауапқа тартылды -42 градус аяз: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды Ақтөбедегі зауытқа 9,2 млрд теңге инвестиция тартылған Қазақстанда екпе алмаған балалар күн сайын қызылша ауруын көптеп жұқтырып жатыр – ДСМ Қызылордада көліктен 700 АҚШ долларын, банк карталарын қолды қылған күдікті ұсталды Жастар тәрбиесіне кері әсер ететін теріс идеологиядағы фильмдер қауіпті - Ринат Зайытов Елімізде отбасылық сот құрылуы мүмкін – БАҚ Қазақстан цифрлық құралдар арқылы тіркеуді жеңілдету бойынша ХААҰ (ICAO) бастамаларын қолдады Елімізде енді Johnson & Johnson тәуелсіз жергілікті заңды тұлға ретінде жұмыс істейді "9 ай бойы көпшіліктен жасырып келдім". Блогер Фариза Төреәлі қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бізге өзіміздің ұлттық LLM-ді құру керек – Бағдат Мусин Шымкентте борышкер жүргізушілерден 20 млн теңге өндірілді "Той үстінде қонақтардың көзінше ұрып тастаған". Күйеуінен 17 жыл қорлық көрген әйел биыл ғана ажыраса алған Салтанат Нүкенованың туыстары қылмысқа қатысты жаңа деректер айтты «Мінезім басқаша болар ма еді». Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы айтты COP28 кездесуі нәтижесінде орман шаруашылығына инвестиция құйылмақ Заманауи мектептер баланың дамуына барынша ыңғайлы болуы тиіс - STEM Academia "Өзін қожайын сезінген екінің бірі тонап жатыр": Депутат базар саудагерлерінің мәселесін көтерді 2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады Қазақстан және АҚШ ғылым қорларының ынтымақтастық перспективалары