Өзбекстанда синагогтар мен еврей зираттары күзетке алынды

10.11.2023, 12:27
847
Өзбекстанда синагогтар мен еврей зираттары күзетке алынды nova24.uz

Көршілес мемлекет сақтық шараларын қолға алды. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Израильге қарсылық ахуалдың жер-жүзіне тарағаны Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің биліктерін алаңдатпай тұрмайды. Алмағайып нәрсе. Себебі бұл жақта да еврейлер тұрады, еврейлердің қауымдастықтары бар.

Жақында Ташкентте палестиналықтарды қолдап көшеге шыққан ондаған адам ұсталған. Олар айыппұл төледі, ішіндегі үшеуі әкімшілік қамауға алынды. Ал содан бірер күн өтер-өтпесте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев үкімет отырысында палестиналықтар мен олардың тәуелсіз болу құқығын қорғады. Өзбекстаннан Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық миссиясы аясында 1,5 миллиард доллар көмек жіберілді. Өзбекстан президенті бір жағынан палестиналықтарды қолдағанымен, екінші жағынан тұрғындарға наразылық акциясына шақырғандарға ілесіп, арандатуға ермеңіздер деп сақтандырды. Осының өзі мәселенің қаншалықты күрделі екенін көрсетсе керек. Мұндай ахуал барлық көрші елдерде де, біздің елімізде де бар. Кешегі Дағыстандағыдай оқиға тұтанып кетпеуіне ешкім кепілдік бере алмайды. Біздің жақтағы аймақтарда да халықтың едәуір бөлігін мұсылмандар құрайды. Билікке тыныштық керек, біреулер елді көшеге шығуға үгіттеп жатқанын көргісі келмейді. 

Фото: Reuters

Қырғызстан билігі Бішкекте 100 адамның қатысуымен палестиналықтарды қолдайтын митинг өткізуге рұқсат берді. Қырғызстан парламентінің депутаттары бір күндік жалақысын палестиналықтарға көмек ретінде жіберді. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Таяу Шығыстағы соғыстарға қатысуға тыйым салынғаны және бұл үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын халықтың есіне салды. Осы күні Қырғызстанда әлеуметтік желілерде Газа секторында жихад жасауға шақырған арандатушылық жазбалар көбейген деп жатыр. 

Ашхабатта палестиналықтарды қолдау мақсатында наразылық акциясы өткені, билік наразыларды күшпен таратып жібергені жазылды. 

Өзбекстандағы жағдайға қайта ораламыз. Ол жақта қазіргі күндері Израиль елшілігінде, сонымен қатар синагога мен еврей қауымдастығының мекемелерінде қауіпсіздік күшейтілді. Ол нысандарды ұлттық гвардия тәулік бойы күзетіп тұр. Тек Ташкентте емес, өзге қалаларда да еврейлердің нысандары күзетке алынды. Мысалы, Қоқан қаласындағы еврейлердің зиратына да күзет қойылды. Зират күндіз-түні полицияның бақылауында. Себебі еврейлерге қарсылық білдіргендер олардың зиратын бүлдіріп кетпесін деп күзетуде. 

Өзбекстанда осы күні он синагога істейді екен. Оның үшеуі Ташкентте, екеуі Самарқанда, және екеуі Бұқарада, қалғандары Қоқанда, Марғұланда және Әндіжанда деп жатыр. 

Негізінен, Өзбекстанда бұрын-соңды еврейлерге қарсылық түріндегі әрекеттер байқалмаған. Дегенмен бүгінгі күні Өзбекстан билігі сақтық шараларын қолға алған. Өзбекстанда еврейлер ертеден бар. Тәуелсіздік алардың алдындағы есепте Өзбекстанда 28 мыңнан астам еврей ұлтының өкілі тұрғаны келтіріледі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде олардың бірсыпырасы АҚШ-қа, Израильге және Еуропа елдеріне көшіп кетті, ал бірсыпырасы қалды. 

Фото: Melinda Kelemen, Астанадағы синагога ғимараты

Қазақстанда еврейлер қауымы бұдан 150 жылдан аса уақыт бұрын қалыптаса бастаған көрінеді. Верныйдағы алғашқы синагога 1884 жылы ашылыпты. Қазақ арасындағы еврейдің ішінде дәрігер көп еді. 1939 жылы Қазақстанда 19 200 еврей болған. Еврейлер біздің жерімізде соғыс жылдарында көбейді. Өйткені өзге ұлттармен бірге еврейлер де біздің жерімізге қоныстандырылған еді. Олардың көпшілігі соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда қалып еңбек етті. Одан кейін тың жерлерді игеру науқанында да біраз еврей қосылды. Алматыда еврей балабақшалары мен мектептері ашылған кездер де болды. 1979 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 23 500 еврей тұрды. Одан кейінгі кезеңдерде Мәскеу, Ленинград қалаларына көшкендері де болды.   Ал бертінде еврейлердің бірсыпырасы Израильге қайтты немесе АҚШ, Канада, Австралияға және әлемнің басқа да елдеріне көшті. 1999 жылы 6800 еврей қалды. 1989 жылы еврейлердің мәдени орталығы құрылып, өңірлерде оның филиалдары ашылды. Олардың «Шалом» деген журналы шығып тұрды. «Давар», «Шалом», «Мабат» деген газеттері де болды. 

Қазақстанның Израильмен қарым-қатынасы жақсы. Сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және кеңейту мақсатында Израиль-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасы құрылған. Ол Израильде орналасқан. Әр түрлі сапармен Қазақстанда Израильдің президенті де, премьер-министрі де болған. Біздің елімізде Израиль-Қазақстан бизнес-форумы өткен. Израильдің сырттан сатып алып отырған бүкіл мұнайының 25 пайызы Қазақстаннан барады. Израиль мен Қазақстан қарым-қатынасының дамып жатқанына Иран наразы. Иран билігі біздің Израильмен қатынасымызды бұзуға әрекет жасап көрді, бірақ бұза алмады.

Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады