827

Тараздағы университетте Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасы ашылды

Тұңғышбай Жаманқұлов 75 жасқа толды.

Тараздағы университетте Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасы ашылды
gylym_jogary_bilim

Smart News басылымының хабарлауынша, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловтың театралды шеберханасы ашылды.

Тұңғышбай Жаманқұлов актер, режиссер, театр педагогы, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор. Өнер өлкесінде өзіндік ізі бар қайраткер биыл 75 жасқа толып отыр. Саналы ғұмырын қазақ сахнасының өсіп-өркендеуіне арнаған тұлғаны университет ұжымы ерекше құрметке бөледі.

Шеберханада өнер қайраткерінің кинодағы әйгілі картиналары ілінген, шеберхана ортасында студенттер қойылым қою үшін сахна орналасқан. Арнайы ашылған бұл шеберханада студенттер ұстаз тәлімін, өнер жолынан өнеге алады. Сахна шеберлігін шыңдайды.

Тұңғышбай Жаманқұлов Мәдениет және өнер кафедрасының студенттерімен бірге «Өнер адамы» әнін орындады. Өнер қайраткері университет кітапханасына өзінің бірнеше кітабын, диссертациясын және әндер жинағын тарту етті. «Өнер жолында да, өмір жолында да бақтарың жансын» деп студенттерге өз батасын берді.

Материал авторы