Ақтаудағы Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылу себебін Алматы қаласынан келген орнитологтар зерттейді, деп хабарлайды Kazinform облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы 601 сыбырлақ аққудың өлімі фактісін растады (Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмеген).
Ақтаудағы Қаракөл көлінде құстардың жаппай қырылу себептерін анықтау үшін Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының орнитологтары зерттеу жүргізеді.
Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте белгілі болды.
Ақтауда Қаракөл көлінде өткен жылдың 21 желтоқсанында аққулардың жаппай қырылуы басталды, онда 600-ден астам құс қырылды.