Сот Qnet қаржы пирамидасының басшысына қатысты үкім шығарды

08.01.2024, 16:53
775
Сот Qnet қаржы пирамидасының басшысына қатысты үкім шығарды canva.com

Астанада қаржы (инвестициялық) пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастырған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Halyq Uni хабарлап отыр.

Сотта анықталғандай, сотталушы 2019 жылдың 1 наурызы мен 2023 жылдың 17 наурызы аралығында Астана қаласы мен Ақмола облысының аумағында Qnet халықаралық компаниясы өнімдері интернет саудасының мұқабасымен қаржы пирамидасын ұйымдастырған. Әрі қарай ол тауарды заңды түрде сатып алу мақсатында жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктерден, соның ішінде тауарлық несиелер алуға мәжбүрлеп, олардың ақшаларын заңсыз тартқан, – делінген сот хабарламасында.

Степногорск, Щучье, Атбасар, Көкшетау қалаларында және Ақмола облысының Шортанды кентінде қаржы пирамидасын құрып, оларды басқарған және өкілдері болған. Бұл ретте Қазақстан азаматтарына тиімді ақшалай салымдар туралы айтып, оларды жаппай тартқан. Шындығында, төлемдер басқаларды тарту есебінен жүргізілді және төлемдер мөлшері салынған қаражат сомасының тек 10-15%-ын ғана қамтыды. Әрі қарай Qnet-ке адамдарды тұрақты тартудың болмауына байланысты төлемдер түспеген.

Осылайша, төменде тұрған адамдар тұрақты негізде төлемдер алмаған немесе жаңа тұлғаларды тарту арқылы аздаған мөлшерде ғана байыған. Ал ол тіпті банк мекемелерінде пайызбен алынған инвестицияланған жеке қаражатты да өтемеген.

Оның қызметінің салдарынан 136 жәбірленушіге 145 млн теңгеден астам мөлшерде мүліктік залал келтірілді. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот үкімімен Ж. ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен және 218-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, азаматтардың ақшалай қаражаты мен инвестицияларды тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленушілердің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды