Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті

23.02.2024, 14:44
529
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75% дейін 50 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-кредиттік саясат жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 14,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банк баспасөз қызметі жазды.

Қаңтарда жылдық инфляцияның төмендеу үрдісі жалғасын тапты. Инфляциялық күтулер үш ай қатарынан баяулап келеді. Ал айлық инфляция орташа жылдық мәндерден жоғары қалыптасуда. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап күйде қалыптасып отыр. Бірқатар сауда-серіктес елдерде инфляция біршама қарқын алып, сыртқы инфляциялық қысым сәл күшейді. Әлемдік азық-түлік бағасында төмендеу үрдісі жалғасып, сыртқы инфляциялық жағдайға оң әсерін тигізіп отыр. Ішкі экономикада орнықты ішкі сұранысқа және тұрақтана қоймаған инфляциялық күтулерге байланысты инфляциялық қысым сақталып отыр.

Бүгінгі жағдайда ақша-кредит саясатын жұмсартуға мүмкіндік едәуір шектеулі. Инфляциялық факторларда қалыптасқан баланс, оның қазіргі (айлық) қарқынының динамикасы және фискалдық саясат параметрлеріндегі белгісіздік алдағы уақытта шешім қабылдау кезінде базалық мөлшерлеменің бүгін қалыптасқан деңгейінде сақталу ықтималдығын арттырып отыр. Бұл ретте деректерді жинау, сондай-ақ экономикалық және фискалдық реформалардың іске асырылуын мониторингтеу қажет.

Жылдық инфляция 2024 жылғы қаңтарда 9,5%-ға дейін баяулады. Бұл Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келеді. Бағалардың жалпы өсіміндегі баяу үрдіс – жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына, жаһандық инфляциялық қысымның және өндіріс шығасыларының төмендеуіне, логистикалық тауар жеткізу жолдарының біртіндеп қалпына келуіне, биліктің инфляцияға қарсы шараларына, сондай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты.

Айлық инфляция орташа жылдық мәндерден (0,6%) жоғары қалыптасып, 0,8% құрады. Тұтынушылық бағалардың өсуіндегі орнықты бөлікті сипаттайтын базалық инфляция және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция біраз қарқын алып, таргеттен жоғары деңгейде қалыптасып отыр.

Үш ай қатарынан баяулап, қаңтарда біршама төмендеген халықтың инфляциялық күтулері базалық мөлшерлеменің төмендеуіне себеп болды.

Жалпы сыртқы инфляциялық фон бейтарап күйде қалыптасып келеді. Әлемдік азық-түлік пен энергия бағасының төмендеуінен жаһандық инфляция баяулап отыр. Сонымен бірге Ресейде инфляция жоғары деңгейде қалыптасып, Қытайда айлық инфляцияның өсуі байқалады. Қаңтарда ФАО азық-түлік бағасының индексі астық пен ет бағасының арзандауына байланысты төмендеді. Жаһандық инфляцияның баяулауына қарамастан, сыртқы ақша-кредит шарттары қатаң қалпында қалуда. АҚШ ФРЖ және ЕОБ инфляцияны нысаналы мәндерге қайтару қажеттілігіне байланысты мөлшерлемелерін төмендетуге асықпайды.

ОПЕК+ мұнай өндіру ісін үздіксіз қысқартуына, АҚШ тарапынан өндірістің қалыпты өсуіне және Таяу Шығыстағы әскери қимылдарға байланысты базалық сценарийде Brent маркалы мұнай бағасы 2025 жылдың соңына дейін барреліне 80 АҚШ доллары деңгейінде тұрақтанады жеген болжам бар. 2026 жылы мұнай бағасы жылдық орта есеппен 77 АҚШ долларына дейін төмендейді деп күтілуде. Сонымен қатар сценарийде әлемдік азық-түлік бағасының (ФАО астық бағасының индексі) 2024 жылдың ортасына дейін біршама көтеріліп, содан кейін ғана тұрақтануы мен одан әрі төмендеуі қарастырылған. Алғышарттар, бір жағынан, Қызыл және Қара теңіз логистикасындағы ықтимал қиыншылықтар тәуекелін, екінші жағынан ФАО-ның 2024 жылғы маусымның соңында астық түрлері мен әлемдегі астық қорларының өсуіне қатысты болжамдарды көрсетеді.

2024 жылға инфляция болжамы 7,5-9,5% аралығында, 2025 жылға 5,5-7,5% шегінде сақталды. 2026 жылы инфляция 5-6% шегінде болжанып отыр. Инфляцияны болжаудағы негізгі тәуекелдер бюджеттік саясат параметрлеріндегі белгісіздікке, инфляциялық күтулердің тұрақтанбауы жағдайында инфляцияның орнықты динамикасына, сауда-серіктес елдерге қатысты ықтимал жаңа санкцияларға байланысты.

Ағымдағы параметрлерге сәйкес Қазақстан экономикасының 2024 жылы өсу болжамы 3,5-4,5%-ға дейін көтерілді. Ал 2025 жылға болжам 5,5-6,5% аралығында сақталды. 2024 жылы экономиканың өсуі іскерлік белсенділік жағдайының жақсаруына байланысты ішкі сұраныс есебінен қамтамасыз етіледі. 2025 жылы экономиканың мейлінше жоғары өсуі, көбіне, ТШО-да өндірістің кеңеюі есебінен мұнай өндірудің артуымен қамтамасыз етіледі. 2026 жылы мұнай бағасының сценарийге сәйкес төмендеуінен және болжамның ағымдағы алғышарттарынан ЖІӨ-нің өсу қарқыны 3,5-4,5% болады. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың  қалыптасуы мен іске асуына қарай ЖІӨ өсуі мен инфляция болжамдары қайта қаралуы мүмкін.

Ұлттық Банк ортамерзімді келешекте инфляция бойынша 5% мақсатқа жету міндетін ұстанады. Бұл ұстамды қатаң ақша-кредит саясатын ұзақ уақыт жүргізуді талап етеді. Осыған байланысты ақша-кредит саясатын одан әрі жұмсартуға мүмкіндік едәуір шектеулі. Инфляция факторларының қалыптасқан балансы, оның қазіргі (айлық) қарқынының динамикасы және фискалдық саясат параметрлерінің белгісіздігі алдағы уақытта шешім қабылдау кезінде базалық мөлшерлеменің бүгін қалыптасқан деңгейінде сақталу ықтималдығын арттыра түсті. Ұлттық Банк экономикадағы ақпарат легін қадағалап, реформалардың іске асырылуына және тәуекелдер балансына мониторинг жүргізуді жалғастырады.

Болжамның негізгі параметрлері баспасөз релизіне берілген қосымшада келтірілген. Қабылданған шешім мен болжам факторлары туралы барынша толық ақпарат 2024 жылғы 4 наурызда Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында. Ақша-кредит саясаты туралы баяндамада ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 12 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады