9 жасар қазақстандық бала ұлттық әшекей жасап смартфонға ақша жинаған

15.03.2024, 15:45
861
9 жасар қазақстандық бала ұлттық әшекей жасап смартфонға ақша жинаған жеке мұрағатынан

Семейдің 9 жастағы тұрғыны Асылжан Қаныбековтің сүйікті ісі – қыздарға арналған қазақи нақыштағы бұйымдар жасау. Анасына көмектесіп жүріп Асылжан зергелікке деген қызығушылығы оянған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 4-сынып оқушысы бүгінде метал пластиналар мен сымдардан өз қолымен шашақ, шашбау, сырға, шолпы, білезік пен алқалар жасайды. Асылжанның жасаған бұйымдары қыз-келіншектер арасында сұранысқа ие. 

Асылжанның анасы Балауса 28 жаста, төрт баланың анасы. Асылжан – үйінің үлкені. Балауса аутизм диагнозы қойылған балаларға арналған даму орталығында жұмыс істеп жүріп ұсақ моториканың балалар үшін маңызы зор екенін ұғынған. Ақыл саусақтардың ұшында болатынын түсінген ол балаларының ұсақ моторикасын дамытуға барын салады.

Келіншектің ұлдары үшін тапқан ермегі балаларының сүйікті ісіне айналды. Балауса қазақи нақыштағы әшекей-бұйымдар жасап, кәсіп бастаған. Сұраныстың көптігінен ол ұлы Асылжаннан өзіне көмектесуін сұрайды. 

“Әшекей-бұйым жасау – жұмыс. Сәйкесінше, Асылжанға еңбегі үшін ақы төлеуім керек. Бір бұйым үшін Асылжан 500 теңге алады. Екеуіміз 1000-нан астам бұйым жасадық. Ағасына қарап Әкежан да бұйым жасайды. Әкежан сырға жасауды үйреніп алды”, – дейді Балауса.

Келіншектің айтуынша, қазір ұлдары ата-анасынан ақша сұрамайды. Қазір олар табысын арттыруды ойлап жүрген көрінеді.  Асылжанның әкесі де қолөнер шебері. Көлік рульдерінің қаптарын жасайды. Асылжан мен Әкежан оған өрнек салады. Әр дайындалған материал үшін олар 100 теңгеден алады. Осылайша ол үш айдың ішінде ақша жинап, оған жаңа смартфон, інісі екеуіне велосипед алды. Сондай-ақ Балауса отбасымен шетелге шығу үшін ақша жинап жатқанын айтты. Бүгінде олар жарты миллион теңге жинап үлгерген. Қаражаттың қалғанын Наурыз кезінде әшекей-бұйымдар сатып, жинаймыз деген үмітте. Анасы мен баласы қыз-келіншектер білезік, шашқа тағатын бұйымдар мен алқалардан бөлек шекелікке жиі тапсырыс беретінін айтады

Асылжанның мектептегі сынытастары мен ұстаздары оның немен айналысатынын білгенде 8-наурыз мерекесіне қыздарға не сыйлаймыз деп бас ауыртпай, әшекей-бұйымға тапсырыс берген. 

“Сыныптағы қыздарға сыйлыққа береміз деп Асылжанның бұйымдарына тапсырыс берді. Қыздардың бәрі риза. Ал Әкежан сүйікті мұғаліміне сырға жасап беретінін айтты. Әрине, балаларым көп жұмыс істеп, ақша тапқысы келеді. Бірақ күйеуіміз екеуіміз оларға барлығын тең ұстау керегін айтамыз. Балаларым оқуға да, жүзу, таэквондо, футбол сияқты басқа да нәрселерге уақыт бөлуі керек”, – дейді Балауса Қаныбекова.

Асылжан бұйым жасауға күніне бір-ақ сағат уақыт бөлетінін айтады. Кей бұйымдарды 5-10 минутта жасаса, күрделі әшекейлерді жасауға бір сағат уақыты кетеді екен.

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Ер адам өзінің екі жасар қызын көлігімен басып өлтірді Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО)