Микрофон дауы бай мен кедей шайқасына айналған жоқ па

02.05.2024, 19:49
569
Микрофон дауы бай мен кедей шайқасына айналған жоқ па Коллаж: smartnews.kz

Жұбайын айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінген Бишімбаевтың ісінен ел есін жияр емес. Ақ пен қарасы әлі анықталмаса да байлығының әсерімен жаза да жеңілдей ме деген жұрттың үрейі басым. Қоғам күмәнді соттарға бұған дейін де талай куә болған еді.

Кейде заң қарапайым жұртты қаражаты барлардың ығына жығылатындай. Осыдан қорыққан көпшліктің назары да қазір Бишімбаевтың ісіне ауып тұр.

Резонансқа айналған сондай істердің бірі  еске сала кетсек. 1 жылдан аса уақыт өтсе де актер Аскар Жұмабек пен олигархтың ұлы Жармұхамед Аппаз арасындағы жағдай қоғам санасынан өше қойған жоқ. Бірі бай білгенін істеп, актер болашағына балта шапты деп айыптаса, енді өзгелері ел алдында жүрген Асқардың артық кеткенін айтып қояды.

Не де болса микрофон үшін таласқа сот нүкте қойған. Актерді 6 жылға түрмеге қамады, ал олигарх ұлдары өз жөніне кетті. Дей тұрғанымен атышулы істе есімдері ел есінде қалған қалталылар кімдер? Қандай лауазымда? Жиғаны соншалық көп пе? 

Сол түнгі кеште караокеде микрофонға таласқандардың бірі олигарх Дінмұхаммед Ыдырысовтың ұлы Жармұхамед Аппаз. Оның қызметі де, құдіреті де зор болып шықты. Ірі холдинг төрағасы, зауыт басшысы, тіпті жылу электр станциясының да иесі.

Бақ беттеріне шыққан ақпаратқа үңілсек, Жармұхамед Аппаз «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС-нің яғни, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Шымкент қаласындағы жылу және электр энергиясының негізгі жеткізушісінде лауазымды қызметін атқарады. Бірақ, жігіттің қолындағы билік мұнымен шектелмейді. Сонымен бірге ол ең ірі холдингтің тең құрылтайшысы да. Анасы Магда Ыдырысова 99% акциясына иелік ететін компанияның 1% үлесі осы ұлының еншісінде.

Бір ғана Маңғыстау облысында электр энергиясын беру мен бөлудің 90 пайызына жауапты. Құрамында 8 компаниясы бар холдингте КЭЦ» ЖШС және «Өскемен ЖЭО» ЖШС де бар. Осы екі компанияның активтеріне тағы үш ЖЭО-ы қатысы бар: Қарағанды мен Өскемендегі жылу орталықтары. Көптің пайдасы үшін салынған орталықтар, керісінше бір отбасының игілігі үшін жұмыс жасап жатырма дерсіз. Себебі, қай-қайсына үңілсең де бірден үрей ұялатады. Мәселен Қарағандыдағы тоз-тозы шыққан 2 жылу электр орталығы бүгінде сары тізімде.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС

Алайда қарайласар басшылықтан қалпына келтіреді деген қайыр жоқ сыңайлы. Бұлай дейтініміз, Өскемендегі ЖЭС деңгейі қызылға түссе де әлі ешқандай шара қабылданбаған. Ал оның жылдық табысы артпаса, кеміген емес. 2019 жылы 10,6 млрд болса, 2020 жылы 19,76 млрд теңгеге өскен. 2021 жылы тіпті 21,3 млрд теңгені құраған. Мыс-мыс ақша түскен орынның мықты дамып жатқаны байқалмай жатқаны өкінішті-ақ.

Коммуналдық жүйелерден бөлек Жармұхамед Аппаз еліміздегі Ordabasy Group компаниясының да басшысы. Ал оның екінші иесі ретін әкесі Дінмұхамет Ыдырысов тіркелген. Бұдан бөлек, «YDD Corporation» ферроқорытпа зауыты, ALSAD құс фабрикасы, АйқараАуыл, Белогорское сынды кен орындары мен бекіре шаруашылығы, курорттық кешендерге де қатысы бары расталып отыр. Сонымен бірге олигарх ұлы Qazaqpay және Qazaq Billing активтерін де өз атына жазған.
Бұл әулеттің қай қайсына көз жүгіртсең де не мықты қызметте немесе ірі кәсіпорындарының басшысы ретінде көруге болады.

Үш қарындасының да байлығы еш кем емес. Баян Ахметова Шымкенттегі «Qazyna Tekstil» компаниясын жүргізсе, Раушан Ыдырысова мал-жер шаруашылығына көңіл бөлген. Яғни Түркістан облысындағы «НҰРАН ҚҰРЫЛЫС» ЖШС-ін, Шымкенттегі «НҰР ҚАРАБҰЛАҚ» ЖШС-ін басқарып отыр. Ал Гүлнар Бекжанова «АИХО» ЖШС-мен қатар «BG-BOSFOR IMPORT EXPORT» және «T-OIL CO.» компанияларына ие.

Әрине, бұл тізбектелген деректер жинақталған ақпараттың белгілі бір бөлшегі ғана. Десе де осындай құдіретке ие бай баласының караокеде микрофонға таласып, атының елге мәлім болуы олардың байлығын да бағдарлауға түрткі болды.

«little Brazil» караокесі

Айта кетейік, ол оқиға 2022 жылдың желтоқсан айында болған. Алматыдағы «little Brazil» караоке мейрамханасында тіркелген жағдай көп көзіне тек 2023-ші жылы ілінді. Кейіннен төбелескендер қатарында белгілі актер Асқар Жұмабектің де болғаны айтылды.

Артынша бұл іс бойынша тергеу жүрді. Сотқа жетті. Нәтижесінде атышулы оқиғаға қатысы бар делінген жеті адам 6-дан 6 жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Актер Асқар Жұмабек те сол тізімде 6 жылға бас бостандығынан айырлды.

Моңғолиядағы 100 қандас пен Қазақстан ауылдарындағы 10 мың оқушы не үшін сайысып жатыр? «Дәретханасынан шошисың»: Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігіне үндеу жасады «Барлық дәлелдерді анама жібердім»: Say Mo бұрынғы күйеуінен көрген қорлығын айтып берді 97 жастағы әже жақындарына есігін ашпай қойғаны үшін көмекке құтқарушылар келді Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып көз жұмды Актер Шәріп Серік әйелін ұрғаны үшін емес, балағаттағаны үшін сотталған Алматыда жүргізуші ескерту жасағаны үшін тұрғын үй күзетшісін аяусыз ұрып тастады (ВИДЕО) Арқалықта зорлықшы деген күдікпен блогер ұсталды Қазақстандықтар сәуірде қанша күн демалады «Жаңбыр, тұман»: 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Біз жарақатты бірден таңдық»: ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды Су бар, бірақ жүйе қайда? Астанада Аutism Talks жыл сайынғы кездесу өтті «Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне қымбат көліктер сыйлады (ВИДЕО) «Ақталғым келмейді»: актер өз әйелін ұрғанын мойындап, оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО) Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды