«Дәретханасынан шошисың»: Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігіне үндеу жасады

Аиса Махамбет Редактор
07.04.2025, 13:05
640
«Дәретханасынан шошисың»: Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігіне үндеу жасады бейнежазбадан алынған кадр

Әкімдіктері жабық тұр, халық жаппай көшіп жатыр деп ашынды әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Мақпал Жүнісова Жаркентке кетіп бара жатқан жолда Шелек ауылына тоқтап, өңірдің тыныс-тіршілігін баяндап берді. 

Өнер иесі ауданнан бір асхана немесе дәретхана таппағанына ашуланды. 

“Жаркентке жолға шыққан едім. Қарнымыз ашқасын жолшыбай кафеге кіргіміз келді. Бір жерде дәретхана жоқ. Оның өзі далада, түрінен шошисың. Әкімдіктері жабық тұр. Ғимараттың алды ғана тазаланған. Дәретханасы болса, кіріп шығайық деп ойлағанбыз. Бірақ тарс жабық. Ауыл басшылары қайда қарап жүрсіздер?! Мен Шелекке барған жоқпын. Тек жолдың бойында болғасын тоқтап, асхана мен дәретхана іздедік”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі ауылдағы бірнеше үйдің сатылымға шығарғанын айтты. 

“Жастар ауылдан осындай жағдайға шыдамағасын кетеді. Өтіп бара жатқанда 5-6 үйдің сатылатынын оқыдық. Өте қиын жағдай. Халық ауылдан көшсе, ауыл жабылады”, – деді халық әртісі. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды