649

97 жастағы әже жақындарына есігін ашпай қойғаны үшін көмекке құтқарушылар келді

Үйде жалғыз қалған әже ес-түссіз құлап қалған көрінеді.

97 жастағы әже жақындарына есігін ашпай қойғаны үшін көмекке құтқарушылар келді
Stock Photo

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысы Атбасар қаласында 97 жастағы қарт әже үйінің ішінде құлап қалып, байланысқа шыға алмаған.

ТЖМ-ның мәліметіне сүйенсек, әженің үйіне келген әлеуметтік қызметкер есігін қағып, жауап ала алмаған. Қария ұзақ уақыт есігін ашпаған соң, әлеуметтік қызметкер құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды.

«Оқиға орнына келген құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен есікті ашып, қарияның жерде жатқанын көрген. Қарияны жедел жәрдем бригадасына тапсырдық», - дейді құтқарушылар.

Материал авторы