2687

«Барлық дәлелдерді анама жібердім»: Say Mo бұрынғы күйеуінен көрген қорлығын айтып берді

Ұрған соң актер боп тізерлеп кешірім сұрайтын дейді ол.

«Барлық дәлелдерді анама жібердім»: Say Mo бұрынғы күйеуінен көрген қорлығын айтып берді
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал рэпер, әнші Say Mo экс күйеуі Шәріп Серіктен көрген қорлығын айтып берді.

Әлия Бутеева есімді бойжеткен актер Шәріп Серіктің ұрғанын айтып берген еді. 

Кино жұлдызының бұрынғы жұбайы Say Mo да актерден талай рет таяқ жегенін жарыса жазып жатыр. 

“Қазір менде дәлел жоқ. Бұрын анама жіберген, денемнің көгерген суреттерін өшіріп тастағанмын. Әр жанжалдан кейін ол кешірім сұрайтын. Актер сияқты "тізерлеп" келетін. Күйеуінен абьюзивті қарым-қатынас көрмеген адам жәбірленушінің әрекетін ешқашан түсінбейді. "Неге шыдадың?" деп сұрайсыздар ма? Білмеймін.

Мен әкесіз өстім. Ер адамның әйелге қалай қарауы керегін білмеймін. Өйткені бала күнімде ондай үлгіні көрмедім. Анам көп жұмыс істеді, мен еркекше өстім. Бір күні кең көлемде сұхбат беріп, бәрін айтып берем, – деді ол.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор